НҰРАТ ІЛИЯС: Вирус 2 - дұғашылдар 0

3443
Adyrna.kz Telegram

Вирус 2 - дұғашылдар 0
Кеше 6 наурыз жұма күні Сауд Арбиясынан бастап Иран, Ирак, қысқасы Таяу Шығыс елдерінің көбінде жұма намаз тоқтап қалды Умра тоқтады. Үлкен қажылық та болмайды. Қасиетті қағбаның маңы бос қалғанын көріп жүрегім сыздап отыр. Кейбіреулердің жазуларынша мұндай ірі көлемде тоқтап қалу алғаш рет екен. Саудия әулеті өкілінің айтуынша "бірінші кезекте ден саулық ал қажылық рәсімдері, жұмысы, бизнесі кейін де жалғаса береді" екен. Айтқаны дұрыс. Қазақстың "ораза намаз тоқтықта" дегеніне келеді екен. Енді бір қызығы дұғамен Аустралияға жаңбыр жауғызушылар, жын шығарушылар барлығы жабылып дұғамен сол вирусты неге қумайды? Миллиардтаған мүминдердің дұғалары неужели қабыл болмайды? "Дінсіз, дарул харб, дарул кафир елдеріне бұл обаны дұға арқылы біз жібердік" деп те жазып жатқандары болды. Гуглден іздесеңіздер табасыздар. Сол дұғамен жаңбыр жауғызушылар Таяу Шығыс елдерін неге орман, бау-бақшаға айналдырып жібермеді? Қысқасы қазір дұғашылдар вирустан 2-0 болып жеңіліп тұрған сияқты. ДҰҒАДА БОЛАЙЫҚ! кәпірлер дәрі ойлап тапқанша қағба жабық тұрады. Парыз төртеу ғана болып тұр.

Пікірлер