Абылайхан Жүсіпов ширек финалға өтті

3210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/1577337516.jpg
Бокстан Иорданияның Амман қаласында  өтіп жатқан лицензиялық турнирде 69 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов  алғашқы кездесуінде моңғол Мишилт Баттурмурдан басым түсті, деп хабарлайды adyrna.kz. Есеп 5:0.  Шаршы алаңда еркін де сенімді өнер көрсеткен Абылайхан жекпе-жек барысында сенімді де ширақ қимылдап, Мишилт Баттурмурдың қабағын жарды. Төрешілер үшінші раундта кездесуді тоқтатты. ⠀ ⠀ Ал, 69 келіде қыздар арасында алаңға шыққан Валентина Хальзова Сюён Чоннан басым түссе, 75 келіде Надежда Рябец  өзбек қызы Навбахор Хамидовадан үстем ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Комментарии