"Көктем келсе мен біртүрлі күйге енем.."

196

Көктем, Сіз қойдыңыз мұңайтып,
Көп күткен бейкүнә қызды.
Әркімге жүрсіз бе бір айтып,
Маxаббат дейтін аңызды?

Гүлдерін жиып ап, күнім деп,
Сағыныш атты бақтың,
Қай жылы келгенде күлімдеп,
Мен Сізді қатты ұнаттым.

Жылағым келмейді, сеніңіз,
Онсыз да жүріп пе ем күліп?
Несіне оралам дедіңіз,
Адамды үміттендіріп...

Бұл қыздың баршаға сыры әйгі,
Сіз ғана түк білмедіңіз...
Кейде осы сағынған ұнайды,
Ұнайды күттіргеніңіз.

Тек мендей қалмаңыз сүйіп Сіз,
Сонымен биіксіз!

Жадыра БАЙБҰЛАНОВА

 

 

* * *
Біздің бақта гүлдеді өрік ,
Сіздің жақта қыс әлі .
Күннің нұры күн де келіп,
Аппақ гүлді құшады .

Үркіп ұшқан көбелектің ,
Не дегенін ұқпадым...
"Көктем"-деген керемет күн ,
Тапқан бәрі жұптарын .

Ақша бұлтқа жасырынып ,
Ұшып өтті тырналар .
Алатаудан асып үні ,
Айтпады олар бір хабар ?

Жыл құсына еріп кетіп ,
Келмедіңіз сіз қайтып .
Көңілімді көрікті етіп ,
Самал жел тұр бізді айтып.

Жалыны жоқ шоқпен қарып ,
Жүрегімді тоздырдым ...
Сізге кетем өкпемді алып,
Жеп бітірді озбыр мұң.

Күтіңіз...

Әмина АДАЙХАН

***

Сіз өзгесіз!
Мен де өзге, өзгеміз.
Өзгешелеу біздер кешкен сезім де.
Өзге көктем,
өзгеше мұң,
өзге күз.
Біз өлеңбіз.
өмір тұнған көзінде.

Өзге ешкім ұғына алмас шаттығын,
Бздің бақыт-үнсіздікпен үйлесу.
Сезімдердің күнәсі мен пәктігін,
Аңсаумен-ақ,
Астаң- кестең күй кешу.

Базарлы шақ,
болса дағы қанша алыс.
Жетем деумен
Сен де,
мен де сергелдең.
Біздің ғұмыр- ақиқатпен арпалыс,
Күнтізбеге күн кешетін сенбеумен.

Сағынышы сары күзге айналған.
Көктемінде өзгеше бақ.
Өзге нұр.
Біздің ғұмыр- мезгілдерге байланған,
Өзге бақыт,
Өзгеше үміт ,
Өзге жыр.

 

Толқын ҚАБЫЛША

 

***

Бәйшешектер бүр жарады сүт түнде,
Сондықтан да керегі жоқ түктін де.
Неге сонша көктем келсе қуандым,
Өзіңізді келеді деп күттім бе?!

Бұлт сүреңін сері күнге балайсыз,
Көгеруді күттірдіңіз қалай сіз?!
Көктем келсе келмейтінің бар екен,
Келемін деп неге айттыңыз, абайсыз?

Жалқы жүрек сыр бермей-ақ сыздаған,
Кейде сізді бәйшешектен қызғанам..
Аузымды ашып күтіп едім көктемді,
" БҰЙЫРМАПТЫ "-дей салдыңыз сіз маған.

Көктем келсе мен біртүрлі күйге енем.
Қар ериді..
Ех, недеген күйбелең!
"Шаршағанбыз" күтіп өмір өткеріп,
Көктем келсе күтпеуді енді үйренем.

Жаухар шақ та көктем жайлы кеш білді,
Ана-а-ау жақтан құстар үні естілді.
Көктем деген- көгеру ме деп жүрсем,
Көктем деген- күтпеу екен ешкімді.

Ағып жатқан жылғаларға құмарсыз,
Келмесеңіз көңілімде тұрар сыз..
Көктем енді басталды ғой, о тоба!
Мүмкін келетін де шығарсыз...

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

 

Әдемілік...
дейсің бе?..
Әдемілік...
Көңілімді білсең ғой
әуелі ұғып,
Ұзақ түн...
кірпігімді әрең іліп,
Жүргенде жүрек сыздап,
жан егіліп...
Қайдағы әдемілік?..

Әдемі...
Қабағымды түйгенім бе?
Иә, солай,
зауқым жоқ биге мүлде.
Жәй ғана тыңдайықшы
бұл әуенді,
Көңіліме тылсым күй
тұна берді,
Бір жұмбақ күйдемін бе?
Білмедің бе?..

Әдемі...
Көрінді ме жымиғаным?..
Бірақ оңай соқпайды бұл "ұйғарым"..
Мың түрлі сынағыңа
күліп тұрам,
Мұң-шерімді осылай
ұмыт қылам,
Әйтпесе, құриды әлім...

Әдемілік...
Сірә, менің жүрегімде,
Қылаудай кінәрат жоқ тілегінде.
Тайталас болып жатсын түкпірінде,
Сыртына сыр бермейді тіпті мүлде,
Күн - күлкісі төгіліп реңінде.

Әдемілік...
Иә, менің айналамда,
Жасыл бағы жанымның жайнағанда.
Жүрегімді махаббат жаулағанда,
Жалын шарпып, жан-тәнім лаулағанда,
Апыр - ай,
Бұл сезімге айла бар ма?..

Әдемілік...
Сыңсуынан аққудың сәлем ұғып,
Шын сүюдің ғажабын және біліп.
Шын бақытқа жетем деп алып-ұшып,
Аңсап күтіп...
Жолығып сағынысып,
Сүрейікші өмірді ӘДЕМІ ғып!..

 

Ғазиза ӘБІЛДА

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер