Қатоң-Қарағай ауданындағы Патшалар аңғарында осымен бірнеше жыл қатарынан ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді.
Патшалар аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған сүйек біздің заманымызға дейінгі III-IV ғасырларда өмір сүрген әйелге тиесілі,- деп хабарлайды e-history.kz порталы sn.kz порталына сілтеме жасап. Аса құнды жәдігерлер археологиялық аумақтағы №2 қорғаннан табылды. Ғалымдар бұл жерде сенсациялық жаңалықтың боларын осыдан үш жыл бұрын айтқан екн. Табылған адам сүйегін археологтар сақ ханшайымы екенін айтып отыр. Адам мүрдесімен бірге ғалымдар қорымнан түрлі жәдігерлер және жеті жылқының сүйегін де қазып алыпты. Бұл жерленген әйелдің аса текті тұқымнан екенін көрсетеді дейді олар. Қатоң-Қарағай ауданындағы Патшалар аңғарында осымен бірнеше жыл қатарынан ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жерде Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың басты ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев бастаған отандық және шетелдік мамандар зертеумен айналысып жатыр. "Біз әлі қазба жұмыстарын аяқтаған жоқпыз, бірақ тапқан дүниелерімізден дереу музей жасап жатырмыз. Музей ғылымында бұл алғашқы жағдай. Енді Берел қорғаны жайлы барлық мәліметті, онда табылған жәдігерлер туралы тек ғалымдар ғана біліп қоймайды, сонымен қатар, бүкіл қызыққан азаматтардың да оған қолы жетімді. Қорғанға келген кез-келген адам біздің ата-бабаларымыздың бай тарихынан хабардар болып, барлығын да өз көзімен көріп қайтады", - дейді З.Самашев. Айта кетейік, ШҚО-да қазіргі таңда аспанасты музейін салу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі жәдігерлердің бірі №2 қорған болмақ. Фото авторы: Камилла Тастанбекова
"ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ"