АЙДАНА НАУРЫЗБЕК: Тура жолды ту етейік!

2834
Adyrna.kz Telegram

Мен Наурызбек Аидана Әлтенқызы Омар Жәлелдің "Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз"
"Девушки не должны становиться академиками, они должны рожать академиков. Предназначение девушек – рожать. Это работает, как маркер. Когда он высыхает, его обычно выбрасывают" деген сөзі үшін менен және өзін #МАРКЕР санамайтын барлық қыздардан кешірім сұрауын талап етемін.

«Қыз ұстай алмаған күң етеді, ұл ұстай алмаған құл етеді» деген мақал бар қазақта. Қыздарыңыз болмаса я күң етуге дайындап жүрсеңіздер әңгіме басқа. Ал менің әкем Наурызбекұлы Әлібек өлгенше әр кеште маңдайымнан сүйіп еркелетумен болатын. Және әрдайым төрде оң жағында отырғызатын (сол жағында анам).
Және кешегі сіздің «оқу сендердің не теңдерің» дегендей жеткізген сөзіңізге «Девушки не должны становиться академиками, они должны рожать академиков» ата-бабамыз «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер» деген бар. Ия құқығымды қорғағаныма бола сөзге ілігіп жатқан шығармые. Бірақ #менМаркерЕмеспін.
Отырып қалу көбейді, деп жатырсыз «Отырған қыз орнын табады» дегенге не дейсіз? Жайшылықта ауыздарыңыздан #Аллаларыңызтүспейді де, дәл отырып қалған қызға келгенде бұл Алланың емес қыздың өз ісі болып шыға келе ме? Қазақта «пешенеме жазылғаны» деген сөз бар. Бағы жанса 50 жаста да шығады.
Сосын, кешегі "товар болмасаңдар тегін шығыңдар", деп жатқандарға айтарым «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас» деген. Сендердің де әке-шеше, ағайын-туыс, көрші қолаңдарың "Қыздың артынан не әкеліпті?", деп жетіп келуді, дүниесін түгендеуді қойсын. Келісем «Теңін тауып тегін бер» деген де атам қазақ, бақытты ете алатынына сенімді болған «есі бар ата-ана» қызының бағын байламайды.

«Жігіттен сабыр кетсе, қыздан қадыр кетеді» деген бар. Сондықтан ер азаматтарымыз сөзімді сабырмен, байыбына бара алса артық кетіп жатқан жоқтығымды түсінер еді. Түсінем «Бөріктінің намысы бір» деп шынашақтай қызға ақыларыңызды бергілеріңіз келмей отыр. Бірақ, қашан да тура жолды ту етейік те.
Біз #маркер болсақ неге студент кезде кешкісін үй жинап үйлеріңде отырыңдар демей №329-шы аудиторияда жинап алып бүгінгідей бас көтертетіндей дәрежеге жететін дәрістер тыңдаттыңыз? Ол білімді пайдамызға асырмасақ несіне біз апта сайын 2 сағатымызды сол аудиторияда өткіздік? Аудиторияны толтыру үшін бе?

«Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа» демекші менімен алыса бермей Омар ағайға расында бұл теңеуінің #сәтсіздеу шыққанын және кешірім сұраса тағынан түсіп қалмайтынын түсіндіруге атсалысыңыздар.
Мен бір сверхестественный дүние сұрап жатқан жоқпын ғой.

Пы.Сы: ол кісінің менен үлкен екенін білемін. Бірақ менің құқығымды қорғауға ешкім асықпағандықтан өзім жазып отырмын. Сосын, менен білімді екенін, Абайды да мықты талқылайтынын жақсы білемін)
Пысының пысысы: Ол кісі менің әкеммен жасты емес. Мен әкемнің 50 жасында өмірге келгенмін қазір почти «отырған қыздар» списогына ілінейін, деп отырмын)

Омар ағай біледі мен баяғыдан «академик әкелмей-ақ, қарапайым сәби сүйіп, тыныш өмір сүруге болмай ма?» дейтінмін. Сондықтан#хайптарыңды жинап алыңдар.
Мен кешегі күнге дейін Омар ағай, деп біразымен сөзге келген адаммын. Тек сол сыйлағаным далаға кетпесе екен, деймін.

Пікірлер