Аммандағы турнир: Бекзат Нұрдәулетов жеңіс тұғырында

3690
Adyrna.kz Telegram

Иорданияның Амман қаласында  бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды adyrna.kz.

Ерлер арасында 81 келі салмақ бойынша шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов ширекфиналға жолдама алды.

Жердесіміз алғашқы жекпе-жегінде Жаңа Зеландиялық  Жером Помпеллонені 5:0 есебімен жеңді. Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Зәкір Сафиуллин қытайлық боксшы Жүн Шанды жеңген болатын.

Айта кетейік, бүгін кешкі сессияда 75 келі салмақ дәрежесі бойынша Әбілхан Аманқұл  Оңтүстік Корея боксшысы Ким Жинжиямен кездеседі.

 

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер