Отандық өнімге уақыт пен ақшаны аямау керек – Д.Назарбаева

392

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева отандық тауар өндірушілерді жұлдыздар қатысатын жарнамаға ақша аямауға шақырды. , – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйіне арналған парламенттік тыңдауда Франция елінде тұратын қазақ кәсіпкер Мәди Сыпатаев сөз сөйледі. Кәсіпкер Еуропада киім-кешек сатумен айналысатын сауда маркасының негізін қалаған екен. Нұр-Сұлтанға келген ол қазақстандық тауар өндірушілермен жарнама мен маркетинг саласында өз тәжірибесімен бөлісті.

– Біз қазір Димаш Құдайбергенмен жұмыс істеп жатырмыз. Өнімді әлі шығармасақ та, Қытайдан көп тапсырыс түсіп жатыр. Дәл қазір біз осы тауарларды ішінара Қазақстанда да шығаруды ойластырып жатырмыз, – деді ол.

Оның айтуынша, танымал жұлдыздарды жарнамаға тарту өнімді ілгерілетуге, жалпы Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді.

Дариға Назарбаева кәсіпкердің ұсынысын қолдап,  табысты компаниялар үнемі өз брендін танытуға белгілі тұлғаларды таңдайтынына тоқталып өтті.

Сенат спикері елімізде жарнамаға тартатын жұлдыздар өнерде де, эстрада да, спортта та жеткілікті. дейді. Оларды өз тауарыңды жарналамау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақыру керектігін ескертті.

– Егер Димаш Құдайберген тек отандық фабрикасының аяқ киімімен сахнаға шықса, жақсы емес пе? Немесе тек отандық компанияның костюмін кисе. Сондай ақ, бұл салада спорт өнімдерін жарнамалайтын қаншама спортшы бар. Тек уақыт пен ақшаны аямау керек. Біздің жұлдыздар да бұған келіседі деп ойлаймын, – деді Назарбаева.

Пікірлер
Редакция таңдауы