АҚШ "Алтын Орда" зымыранын шығарды (видео)

535

АҚШ-тың Әскери әуе күштері Air Warfare Symposium 2020 көрмесі аясында жаңа жартылай автоматтық жоғары дәлдікті "Алтын Орда" қаруын шығарды. Бұл қару ең соңғы ғылыми техникалық әдіспен жасалған. Жіберілген зымырандар ұшу бағытын өзгерте алады. Яғни, бағытталған зымырандар қарсыласының қорғанысын айналып өтіп, тек біреуі (қажеттісі) ғана құрылған қорғанысты бұзуға әрекет етеді. Ең маңыздысы оқтың ұшу бағыты адамның (тірі оператордың) басқаруымен жүзеге асады.

Пентагон "Алтын Орда" зымыранын әзірлеуге кететін шығын мен оның әскери мақсатқа қай кезде қолдануы мүмкін екенін ашып айтқан жоқ. Әзірге оны компютерлік роликте ғана көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы