Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды

4776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/kokoko-960x500.jpg?token=4d6df97ea602d563ba84f7fe9abb3be4
Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты. Оның айтуынша, 6 қаңтар - 1 наурыз аралығында Қазақстанға Қытайдан 32 456 адам келген. "Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер. 2020 жылдың 20 ақпан - 4 наурыз аралығында Қытайдан келген барлығы 315 адам оқшауланды. Олардың 64-і - Қазақстан азаматтары. 251 шетелдік бар, олардың 248-і - Қытай азаматтары. Ираннан 24 адам келді. Олардың 9-ы - қазақстандық, 15-і - Ираннан келгендер", - деді Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.  
Комментарии