Бүгін Шәмшінің өмірден озған күні

340

Бүгін қазақтың аса дарынды композиторларның бірі Шәмші Қалдаяқовтың дүниеден қайтқан күні.

Қазақ әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқов Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келіп,  1992 жылдың 29 ақпаны күні көз жұмған.

Шәмші әндеріне қазақ көрермендері көзінің тірісінде-ақ бағасын беріп қойған. Тіпті  ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып:

"Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген - ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек", - деген екен.

Қазақ халқы жүрегінен орын алған асыл азаматын мәңгі есте сақтайды.

Назарларыңызға Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған "Ана туралы жыр" әнін ұсынып отырмыз.

Ана туралы жыр

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе  арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Қайырмасы.

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім –
Балалық махаббат.
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.
Қайырмасы.  

 

Пікірлер
Редакция таңдауы