Тоқаев Қазақстанда митингілер қалай өту керектігін айтты

5058
Adyrna.kz Telegram

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" президенттің ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуі тиіс екенін және конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейтінін атап өтті.
Пікірлер