Қазақ телевизиясына 60 жыл толды

943

Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай телевизия тарихына қысқаша тоқталып, сыр шертетін фотодеректерді де ұсынып отырмыз.

1951 жылы 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық телевизия студиясы құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды.

Осы жылы 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады.

Осылайша, 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды.

Бұлардың ізін ала Целиноград, Орал, Балқаш, Семей қаласында да студиялар ашылды.

Қазақ телевизиясы құрылған кезден бастап тәуелсіздікке дейін  Қанапия Мұстафин, Құрманбек Сағындықов, Кенжеболат Шалабаев, Кеңесбай Үсебаев, Хамит Хасенов, Камал Смайылов, Ғаділбек Шалахметов, Сағат Әшімбаев сынды басшылар басқарды. Тәуелсіздіктен кейін Ғаділбек Шалахметов, Шерхан Мұртаза, Әшірбек Көпішев, Ерлан Сатыбалдиев, Есетжан Қосубаев, Ғалым Доскен, Нұртілеу Иманғалиев, Дәурен Әбдіхамитов, Жанай Омаров, Нұржан Мұхамеджанова сынды басшылар жетекшілік етті. Қазіргі кезде телерадио корпорациясын Ерлан Қариннің басқарады.

"Қазақстан" ұлттық арнасы 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы