"9 спортшы неге Тшановтың құрбанына айналу керек?" - ата-аналар

590

Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінде 4 айдан бері дау -дамай болып келеді. Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу ордасының басшылығы "ішкі тәртіпті бұзды" деген айыппен 9 спортшы баланы оқудан шығарып жіберген. Осы оқиғаға байланысты бір топ ата-аналар мен спортшы балалардың бапкері "Адырна" ұлттық порталы арқылы ҚР жоғары лауазым иелерінен көмек сұрап отыр.

Ата-аналар Р. Кененбаева мен С. Абдрахманова "бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Колледж директоры Амалбек Тшановқа министрліктің сөзі өтпейтін сияқты", - дейді. Сондықтан да қоғамнан, ел ағаларынан әділетке жетуге жәрдем берсе дейді.

 

Балалардың бапкері Төлеген Тлеумұратов өз шәкірттерінің болашағына қатты алаңдайтынын айтады. Оқудан шығарылған 9 бала халықаралық жарыстар мен ел біріншіліктерінде топ жарып жүр. Тіпті ұлттық құраманың мүшелері бар дейді. Біз бапкерді, сондайа-ақ, жаттығу залында жүрген Тұрарова Нуриза (Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ел біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы) мен Каримов Жасұланды (халықаралық жарыстың жеңімпазы) да әңгімеге тартқан едік. Болашағынан зор үміт күттіретін жастар спорт колледжінен кеткеннен кейін жаттығу жасау қиындап кеткенін айтады. Бапкер Төлеген Тлеумұратов та шәкірттерінің болашағына алаңдайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер