Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі қайтыс болды

5068
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды.

«1977 жылы дүниеге келген азамат Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында бүгін түнде қайтыс болды. Дулат Ағаділге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, сотқа құрметсіздік білдіргені, судьяға және сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.  Биылғы  жылдың қаңтарында оған сырттай ақтау үкімі шығарылды. Осыған байланысты елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.  Сот бекіткен тергеу әрекеттеріне келмеуі əрі одан жалтаруына байланысты оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды», - дейді полиция.

24 ақпанда шамамен кешкі сағат 9-да Дулат Ағаділ үйінен  тергеу изоляторына жеткізілді.  Ол отырған тергеу изоляторының камерасында тағы төрт адам болған, олар Дулат Ағаділге қатысты зорлық-зорлық-зомбылық фактілері болмағаныдығына куəлік етті.

«Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол қамауға алынған кезде мас болған. Өлім туралы жедел жәрдем хабарлады. Өлімнің алдын-ала бекітілген себебі: Жедел жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі. Марқұмның денесінде дене жарақаттары болған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деді Нұр-Сұлтан полиция бөлімі.

"Адырна" порталы 

Пікірлер