Кәукен Кенжетаев. Тағдыр жолы

5879
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 25 ақпан – қазақтың асыл перзенті Кәукен Кенжетайұлының туған күні.

Репертуары бай, сезімге терең бойлайтын дара талант туралы Wikipedia деректеріне жүгінсек:

Оның шын есімі Әбдірахым.  1916 жыл 25 ақпанда  Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.

2008 жылы 15 наурызда  Алматы қаласында қайтыс болған.

Кеңестік және қазақстандық актеропера әншісітеатр режиссері педагог - профессорҚазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.

Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).

Ойнаған рольдері

К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде

  • Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
  • Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
  • Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)
  • Князь Игорь (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”)
  • Руслан (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”)
  • Демон (А.Г. Рубинштейннің “Демонында”)
  • Алеко (С.В. Рахманиновтың “Алекосында”)
  • Амонасро (Дж.Вердидің “Аидасында”) партиялары – К-тың әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды.

Кинодағы рольдері

К.Кенжетаев Амангелді операсындағы Амангелді рөлінде

Кенжетаев 1957 жылдан кинофильмдерге түсіп

  • әнші-артист ретінде:
    • “Біздің сүйікті дәрігер”
    • Бауыржан Момышұлы(“Ел басына күн туса”)
    • Нұртаза (“Ән қанатындада”)
    • Танабай (“Тұлпардың ізінде”)
    • Жапас (“Таудағы шынарда”)
    • қарт (“Қызыл тас заставасында”)
    • Базарбай (“Қыз Жібекте”)
    • Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
  • режиссер ретінде:
    • “Жерге қайта оралу”
    • Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”
    • С.Мұхамеджановтың “Айсұлу”
    • Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”
    • П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.

Пікірлер