Халықтың кедейлігін мойындайтын кезең жетті

2314

Экономика саласын зерттеп жүрген мамандардың  пайымдауынша, нақ қазіргі қалыптасып отырған экономикалық жағдайда халыққа мардымсыз үстемақы қосылып отыр. Бұл ретте «Аналитик» талдау орталығының бас сарапшысы Дәурен Арын халықтың аш құрсақ екенін мойындайтын кезең жеткенін алға тартты.

«Егер нақты деректерге жүгінсек, қазір республика халқының 40 пайызы ас-ауқаттан үнемдеп кетті. Себебі қымбатшылық қатты иек алып барады. Қазір тапқан табысы мен күн көріс деңгейі қабыспайтындардың қатары көп. Мысалы, біздегі орташа жалақы көлемі 120 мың теңгенің айналасында  Ал енді қазір бір айға ең аз дегенде азық-түлік сатып алуға 60-70 мың теңге кетеді. Қала халқының төлейтін коммуналдық қызметақысы бар. Ауыл халқының жем-шөбінен бастап отын-суына дейін қымбаттаған. Алдағы уақытта да қымбатшылықтың өспейтініне қатысты ешбір инстанция кепілдік бере алмайды. Біз қазір әлеуметтік аз қамтылған топтарға үлкен салмақ түсіріп отырмыз. Үкіметке халықтың кедейлігін мойындайтын кезең жетті. Соңғы бес жылда халықтың ақшаны тамақтан үнемдеуі көп нәрсені

Сарапшының айтуынша, үкімет келер екі жылда сауатты шешімдер қабылдауы тиіс. Әсіресе елдегі орташа жалақы мен ең төменгі күн көріс деңгейіне қатысты нақты шешімдер қабылдайтын кезең жетті. Ол үшін маман айтып отырғандай халықтың азық-түлік тұтынатын себетінен бастап, орташа жалақы көлемі, күн көріс деңгейі қайта сұрыпталуы қажет.

«Дамыған елдермен біздің орташа жалақы мөлшерін салыстырудың өзі ыңғайсыз. Бірақ біз өркениетке ұмтылған ел болғандықтан олардың жақсы жағын алып қалуға тырысуымыз керек. Бірқатар дамыған елдерде орташа жалақы мөлшері 4500 долларды құрайды. Көптеген елдер  өздерінің табиғи байлығын адам ресурсын дамыту үшін пайдаланады.  Бірінші кезекте адам капиталын дамытуды қолға алған мемлекеттер қазір ұтылмайды. Сондықтан бізге де осы бағытты ұстану керек. Жалға статистикадан аулақ болған жөн. Болмаша үстеме қосып, оны жария етіп жатқанымен қымбатшылық жеп қойып жатыр. Мұны мойындау керек»,- дейді Дәурен Арын.

Экономист мамандардың байыптауынша, келер жылы қымбатшылық қоюлана түседі. Әлемдік экономикада қалыптасып отырған жайттың өзі мұны аңғартып отыр. Сондықтан біздің атқарушы органдарға болашақта қажетті шешімдер қабылдауы керек болады. Ол үшін экономист-ғалымдар айтып отырған мынадай ұсыныстарға назар аударылғаны жөн:

А)  Инфляция жеп қойған халықтың ақшасы қайтуы үшін орташа жалақы көлемін өсіру керек. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметте жүрген әлеуметтік қызметкерлерге қатысты айтылып отырған ұсыныс.

Ә) Үкімет монополистерге шектеу қоя білуі керек. Тариф бағасын қолдан көтеруге, газ, жанар-жағармай бағасын орынсыз қымбаттатуға жол берілмеуі қажет.

Б) Отандық өнім өндіретін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктерден бөлек тарифтік жеңілдіктер қарастырлса жөн болар еді. Себебі жылу-жарық, жол тасымалы қымбаттаған сайын олар да өнім бағасын өсіре қояды. Осы мәселенің алдын алу үшін отандық өнім өндірушілерге жеңілдікпен қолдау білдірген абзал.

В) Халық ең көп тұтынатын өнімдер арзан болуы үшін мемлекетік арзан дүкендер желісі ашылса жөн болады. Ол дүкендерге өнімдер зауыттан шыққан өз бағасымен жеткізіліп отырса анағұрлым арзан болады.

Аталмыш ұсыныстарды алға тартқан Дәурен Арын «бірінші кезекте осы аталған ұсыныстар жүзеге асса халықтың мойнындағы ауыртпашылық сәл-сәл жеңілдер еді» дейді.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket