Коронавирустан екі адам айықты

952

Ақпарат кеңістігінде коронавирус туралы жағымды ақпараттардың алғашқы легі тарала бастады. Lentra.ru және Іnosmi.ru  сайттарында жарияланған материалдарда коронавирустан екі адамның жазылып шыққаны айтылады.  

Мәліметтерге сәйкес, 56 жастағы Чен есімді есімді науқас Ухань қаласындағы ауруханаға түсіп, екі күннен соң Шанхайға ауыстырылған. Осы қаладағы емдік шаралардан кейін Чен өзін  жақсы сезіне бастаған. Бұл – коронавирустан айыққан алғашқы оқиға болып отыр.

Екінші оқиғада Ваньчжоу ауданының «Санься» орталық ауруханасының оқшауланған бөліміне орналастырылған әйел адам коронавирустың пневмония диагнозы бойынша емделіп шыққан. Науқасынан айыққан әйелдің айтуынша, оны емдегені үшін аурухана ақы алмаған. Ол науқастарға бойларын үрейден аулақ ұстауды өтінінген.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер