Халық қамалғандарды босатуды талап етіп, топтасып отыр

3372
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 47 адам ұсталғанын бұдан бұрын да айтқан болатын.

"Қазіргі кезде 47 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардан екі аңшы мылтығы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Тұрғымбаев  баспасөз мәслихатында.

Бұл мәселеге қатысты оқиға орнынан  "Адырна" ұлттық  порталының тілшісі Оңғар Қабден былай деп  хабарлады.

Қазір халық ұсталғандардың барлығын босатуды талап етіп, топтасып отыр. Тілшіміздің айтуынша, оқиға орнына облыс әкімі Асқар Мырзахметов келіп, қамауға алынғандар босатылатынын айтып халықты тыныштандырған.

"Бірақ жиналған ел сонда да тарамай, «жігіттер алдымызға келмейінше кетпейміз, қамалғандар түгел босамайынша тарамаймыз» деп топтасып отыр. Бұл араға жиналғандардың саны шамамен 300 адам.  Жергілікті тұрғындар ресми мәліметтерге сенбейді. Олардың айтуынша, жараланғандар мен қайтыс болғандардың саны ресми деректен әлдеқайда көп болуы да мүмкін",-дейді Оңғар Қабден.

Осы оқиғаға байланысты Қордай ауданы, Сортөбе ауылында  саған 17:00-де Премьер министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен брифинг болады.  Мәселенің мән-жайы сол жерде нақты айтылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер