Халықаралық турнир: үш боксшы финалға шықты

3144
Adyrna.kz Telegram

Иштван Бочкаиді еске алуға арналған Дербенцте (Венгрия) өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға шықты.Бұл туралы Vesti.kz. хабарлайды

Алтын жүлде үшін кездесулер бүгін, 7 ақпанда өтеді. Жартылай финалға шыққан алты боксшымыздан Махмуд Сабырхан, Талғат Шәйкен пен Айбек Оралбай жарысты жалғастырады. Ал Айдос Арапов, Нұрбек Оралбай мен Дамир Тойбай қола жүлдені місе тұтты.

Финалда жұдырықтасатын жұптар:

52 келіге дейін
Махмуд Сабырхан - Лалита Прасад Полипали (Үндістан);

До 69 келіге дейін
Талғат Шәйкен - Вахид Амбли (Франция);

91 келіге дейін
Айбек Оралбай - Гаурав Чаухан (Үндістан).

Қыздар арасында, 60 келіге дейін
Римма Волосенко - Екатерина Дынник (Ресей)

Марина Вольнова (75 келіге дейін) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Еске салайық, Венгрияда өтетін дәстүрлі халықаралық Иштван Бочкай мемориалы бүгін, 7 ақпанда аяқталады. Бұл жарысқа қатысқан кей боксшылар Иорданияда өтетін олимпиадалық іріктеуге дайындалып жатқан Ұлттық команданың негізгі құрамына қосылады.

Аммандағы квоталар наурыздың 3 мен 11 аралығы өтеді.

Пікірлер