Сот Елемесовтың бас бостандығын шектеді

907

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы горнизондық әскери соты ҚР Құрлық әскерлерінің әскери институтында келісім-шартпен қызмет еткен және айып тағылған капитан  А.Елемесовке үкім шығарып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

Үкім шығарардың алдында Сот төрағасы айыпталушыға соңғы сөзін айтуға рұқсат берді. Сонымен қатар, айыпталушының адвокаты ұсынхан өтініш хатын қанағаттандырусыз қалдырып, хатта келтірілген мәліметтерді кеңесу бөлмесінде ескеретінін айтты.

А.Кемельхановтың өтініш хатында 31 қаңтарда өткен сөз жарысы кезінде Мемлекеттік айыптаушы айыптаушының актісінде көрсетілген айыптарды сипаттау уәжін толық атамай, айыптау актісінің 3-беті 5-абзацынан 6-шы бетіне дейінгі А.Елемесовке тағылған қылмыстық іс-әрекеттерді айтып қолдамағаны, және олар бойынша дәлелдемелер келтірмегені себебінен сөз жарысына қайтып келіп мемлекеттік айыптаушыға сөз беруін сұрады. Адвокаттың айтуынша, прокурор өз міндеттеріне сай, өзі атаған айыпты не қолдау, не одан бас тарту қажеттігін сотқа ұсыну керек екен.

Назарларыңызға айыпталушының соңғы сөзі мен Сот төрағасының толық шешімін ұсынып отырмыз.

Айыпталушы А.Елемесовтың соңғы сөзі:

Мен, әскери қызметкер капитан Елемесов Асылбек Сізден өтінетінім: маған қатысты әділетті шешім шығару!

Институттың еңбек және техника қауіпсіздігіне жауап беру міндеттелген басқа лауазым иелері қылмыстық жауапкершіліктен қашып, барлық әрекетті маған өтірік жауып отыр.

Мен, тек қана Батареяның қару-жарағына жауап беретін офицермін. Қару-жарақтың маманымын. Олар: минометтер және т.б. ату қару-жарағы.

Техникаға ешқашан жауап берген емеспін. Батальонда техникаға жауап беретін басқа әскери тұлғалар бар. Су бүркейтін кешер, электрқуат беретін арқан және қауіпсіздік кітабы маған бекітілген емес. Мен оларды тексеруге құзіретім жоқ. Ол нәрселер үшін жауап беретін басқа әскери қызметкерлер.

Институтта белгіленген күн тәртібіне сәйкес, оқу орталығында түскі тамаққа үзіліс сағат 12:45-тен 14:45-ке дейін. Ал, оқиға 12 сағат 55 минутта болды деп айыптау актісінде жазылған. Ал ол болса түскі тамаққа үзіліс кезі. Осы кезде мен жеке құрамды бақылауға құқықтық негізім жоқ. Жұмабаев, Ибраимов және Айнақұл аталған мезгілде түскі ас ішуге кету керек болатын. Парк бойынша кезекші оларды парктен шығарып жіберу керек болатын. Осы себептен тергеуші жаңылысып, оқиғаның уақытына мән бермеген. Кәзіргі уақытта айыптау актісіне сәйкес, оқиға болған уақыт түскі ас ішу үзілісі болып есептеледі.

Парк кезекшісі өз міндеттерін орындамаған.

Мен борттық нөмірі 007 МТЛБ-ны жууды Р.Жұмабаевқа тапсырған емеспін. Оған Ибраимов пен Айнақұлдың көрсетпелері дәлел бола алады.

МТЛБ-ны арнайы арналмаған жерде жуу туралы пәрмен берген емеспін. Әр техникасы тапсырылған  әскери қызметкер қай жерде техника жуу керек екенін, және немен жуу қажеттілігін өздері біледі.

МТЛБ жуып жатқан жер менің қадағалауыма жатпайды. Маған бекітілмеген. Ол жерге ішкі нарядтағы парк кезекшісі жауап береді.

Мен, барлық әскери қызметкерлерге оның ішінде Р.Жұмабаевқа қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, таныстырдым. Неге оның қолы емес екендігін білмеймін.

Мен қатардағы жауынгер жұмабаевқа бастық болған емеспін. Ондай бұйрық жоқ.

Мен, А.Елемесов ҚР ҚМ 1-тарауы 24, 25, 30, 114, 126, 147, 151 және 2-тараудың 182-баптарының талаптарын бұзған емеспін. Себебі, ҚР ҚК ІҚ жарғысының 5-бабына сай, әскери бөлім немесе құралым бөлімінің бастығы болып есептелмеймін.

Мен, лауазым міндеттері бойынша әскери және басқа да техникамен жұмыстар жасауға, эвакуациялауға, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге және олардың орындалуына міндетті болған емеспін. Ондай бұйрық жоқ. Әскери жарғылары бекітілмеген.

Құрметті сот төрағасы, мені айыптау процестік құжаттары бұрмаланған және жалған құжаттарға, атап айтқанда, әскери лауазымдық міндеттерге негізделген әскери прокуратурада менің әрекетімді саралау және айыптау актісі бұрмаланған. Айғақты заттар іс бойынша ресми түрде алынбай, зерттеуге берілген. Осы себептен электротехникалық зерттеу қорытындысы да заңсыз болып отыр. Қылмыстық қудалау органы көптеген заң бұзушылықтар жасап, маған қарсы заңсыз дәлелдемелер іздеген. Бірақ, біз сотта оның барлығы анықталып, әділеттілікке жеттік деп ойлаймын.

Әрине, ізеті бар офицер ретінде менің институттағы жауапкершіліктен қашып отырған бастықтарым мен қызметтестерім үшін жәбірленушіден кешірім сұраймын. Бірақ, менің ешқандай кінәм жоқ. Менің кінәмді дәлелдейтін дәлелдемелер іс бойынша жиналмаған және жоқ. Бұрмаланған құжаттарды мемлекеттік айыптаушы да мойындады.

Осы себептерден мені толық ақтауыңызды сұраймын.

 

Әскери сот төрағасы Қ.Естайдың үкімі

 

Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер