Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, - деп хабарлайды "Адырна".
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан жақында ғана шығарылған. Оқиғаның мән-жайы белгісіз күйінде қалып отыр.
Қайтыс болған ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған болатын.