Рикардо Лара Жүкембаевқа: Жеңетініңе сенбесең неменеге шығасың?!

3880
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/rgj2zwes.jpg
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) қарсыласы мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 КО) алдағы жекпе-жекте нағыз шоу көрсетуге уәде берді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі 25 қаңтар Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Қазақ боксшысы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. «Жекпе-жек туралы ұсыныс келгенде жаттығып жүргенмін және жақсы қалыптамын. Eye Of The Tiger компаниясыа осындай мүмкіндік үшін алғыс білдіремін. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасу үлкен абырой. Қарсыласымның кездесулерін тамашаладым. Болашағы үлкен боксшы, мықты жақтары көп. Жанкүйерлер бұл жекпе-жекте оны басым болады деп бекер есептемейді.  Дегенмен бұл бокс. Жеңетініңе сенбесең неменеге шығасың?! Жақсы дайындалдым, ынтам да зор. Көрермендерге үлкен шоу сыйлағым келеді», – дейді Лара.
Комментарии