Емельяненко қамауға алынды

2884
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/emel.jpg
Ресейдің Анапа қаласының соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін танымал файтер Александр Емельяненконы 7 тәулікке қамады, - деп хабарлайды "Tengrinews"  РЕН ТВ-ға сілтеме жасап. Оқиға 21 қаңтарға қараған түні Анападағы қонақ үйлердің бірінде болған. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Супсех кентіндегі "Спорт" базасында спортшы Магомед Исмаиловқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатқаны белгілі. Жергілікті тұрғындар оны саябақта және жағалаудан жиі көретін болған. Sports.ru мәліметінше, Емельяненко мас күйде бұзақылық жасаған. Александр Емельяненко - ресейлік файтер, ProFC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан Ресей мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, дзюдодан спорт шебері. Пауэрлифтер Михаил Кокляевті жеңгеннен кейін Александр Емельяненко Магомед Исмаиловты жекпе-жекке шақырды. Кездесу 3 сәуірде Мәскеу қаласында Absolute Championship Akhmat турнирінде аясында өтеді.
Комментарии