"Адырна" бірлестігі Сәкен Майғазиевпен жұмыс жасамақ

168

Жаңа жылдан бастап "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігіне Асхат Шуленбаев есімді компьютерлік бағдарламалаушы, талантты 3D аниматор жұмысқа тартылды. Осылайша біз қазақ тарихын, аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздерін, ертегілерін, күй тарихтарын мультфильм үлгісінде балаларға рухани азық ұсыну идеясын қолға алмақпыз. Ол үшін арнайы команда да жасақталады.

Бүгін алғашқы қадам ретінде белгілі өнер қайраткері, әнші, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Сәкен Майғазиев  қабылдауында болып өз ұсыныстарымызбен бөлістік. Атағы жер жарған Сәкен ағамыз жылы қабылдап, ерекше ықылас танытты. Алда бірлесіп ауқымды жобалар атқарамыз деген үміт зор. Бастапқы алғышарттары да қалыптасқандай. Осындай жас толқынға қамқор болар асқаралы ағаларымыз аман болсын!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер