«Зекет» – мешітке берілмеуі тиіс , "зекет-садақа" дегеніміз- ол мемлекеттік салық!

1909

 

Құдайдың Құрандағы ең маңызды ұйғарымдарының бірі болып «зәкят» (қазақша зекет) көрсетілген. Бұл сөз «зәккә» деген түбір сөзден шыққан, қазақ тіліне бұл сөз «тазалау, ағарту, ақтау, айыпсыз деп табу» деп аударылады да қаражат шығындау дегенді білдіреді:
( 2 сүре 110 аят)
Мұсылман «дінбасылары» табыстан жылына бір рет алынатын 2,5%пайыз мөлшерлемесін ойдан шығарып белгілеген. Бұл нұсқау мүлдем пәрменсіз, себебі кез келген мемлекет бұны нұсқау қылып алса, онда ол өз әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмайтын еді, ел өмірінің басқа салалары туралы айтпағанда.Сондықтан да «шығынның мөлшерлемесі шын мәнінде қандай болуы керек?» – деген сұрақ туындайды.Құранда
2 сүре 219-220 аятта айтылғандай пайдадан қалған
қаржы-қалдық адамның қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін қалатын нәрсе. Бұл шығынның мөлшерлемесін адамдардың өздері қоғамның қажеттіліктеріне қарап, белгілейді деген сөз. Қалай болса да, бұл имамдардың айтқан жылына бір рет берілетін 2,5 % зекеті емес.

(57 сүре 7 аят,6 сүре 141 аят және 2 сүре 267 аят)

Сонымен қатар «зәкяттің» мақсатты тағайындамасы туралы сұрақ туындайды. Жауап келесі үзіндіде:
Олар сенен нені шығындау керектігін сұрайды. «Жақсы нәрседен нені шығындасаңдар, соны әке-шешелеріңе, жақындарыңа, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға шығындаңдар. Қандай жақсы іс жасасаңдар да, расында, Алла оны Білуші!» – деп жауап бер. (2:215)
Үзіндіден көргеніміздей, шығындар негізінде әлеуметтік қажеттіліктерді шешуге бағытталған, ал әлеуметтік қажеттіліктерді болса қорғаныс пен басқа салалармен бірге мемлекет шешеді. Әр адам, айлыққа жұмыс істесе де, кәсіпкер болса да, немесе фермер болса да бюджетке салық төлейді. Бұл салықтармен мектептер, жолдар, емханалар мен ауруханалар салынады, зейнетақы төленеді, мұқтаждарды жеңілдіктермен және жетімдер мен қарияларды қамтамасыз етеді. Мұның бәрі, салықтық аударымдар арқылы шығын – «зәкят-салық» деп айтуға мүмкіндік береді.
Құранда сондай-ақ «садақа» сөзі қолданылады, бұл сөз қазақ тіліне де енген. «Дін басылар» «зәкят» пен «садақа» бір-бірінен бөлек категориялар деп мұсылмандарды сендіреді. Дәстүрлі пікір- ұстаным бойынша «садақа» бұл ерікті түрде шығарылатын шығын, ал «зәкят» болса – міндетті түрдегі салық. Бірақ біз «садақаның» қызметіне қарасақ, онда біз оның «зәкяттің» қызметінен айырмашылығын көрмейміз:
Расында, Құдай садақаларды (садақаату) кедейлерге, жарлыларға, олармен бірге жұмыс істейтіндерге, ӘДІЛЕТСІЗ СОТТАЛҒАНДАР мен ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛҒАНДАРҒА,
ЗҰЛЫМДЫҚ КӨРГЕНДЕР мен жолаушыларға арнаған. Құдай – Білуші, Дана!
(9 сүре 60-103 аят)

Жоғары айтылғанға сүйенсек, «зәкят» пен «садақа» пайдадан төленетінін түсінеміз, ал пайда болса көп жағдайларда жылына бір мәртеден гөрі жиірек түседі. Ол ай сайынғы айлық, кәсіпкерліктен не фермерлік қызметтен түсетін табыс түрінде бола алады. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерде пайда жылына екі рет, кей жағдайларда төрт рет түседі.
Неліктен молдалар мен имамдар зекет пен садақаны мешітке беру керек деп үйретеді? Әңгіме мынада – олар ұйғарған «зәкят» пен «садақа» қоғамның қажеттіліктеріне жаратылмай, өздерінің қалталарына түседі. Мемлекеттік салықтарды олар «зәкят» деп санамайды. «Қой да аман, қасқыр да тоқ» дегендей. Сондықтан, «зәкятті» мешіттерге төлеудің қажеті жоқ, оданша ол ақша азаматтардың шынайы қажеттіліктеріне жұмсалатынын нақты біле тұра, дұрыстап салық төлеген артық.
Мұсылман «дін басылары» «зәкят» пен «садақа» жинаудан бөлек Құран белгілерін (аяттарын) мешіттерде оқығандары үшін ақша алып, бизнес жасайды .
(2 сүре 41 аят)
Оған қоса, молдалардың едәуір табысты бизнесі жерлеу-үйлену шаралары болып табылады. Үйлену тойын, жерлеу рәсімін өткізу және құдайы тамақ беру үшін белгілі бір тарифтер бар (аймаққа байланысты), сонымен қатар аталмыш шараларды өткізу үшін де қарапайым халықты әуре-сарсаңға салады.
Өзін Ислам дініне жатқызып және өзін мұсылман деп атап, мешіттерге «зәкят» пен «садақаны» беретін адамдар шынымен де Құдайға ұнамды діни рәсім немесе ғибадат жасап жатырмын деп ойлауы мүмкін .Шын мәнінде бұл "дінді-шариғатты"өз мүддесіне бұрмалаған дүмше діншілдердің іс-әрекеті екеніне еш күмән жоқ.
Бұны түсіну мұсылмандарға белсенді салық төлеуші болуға, өз қаржыларының қаншалықты мақсатқа сай жұмсалуын бақылауға, билік органдарынан мемлекеттік бюджеттің тиісті жерлерге бөлінуі жайында сұрауға және талап етуге түрткі болады, ал бұл дегеніміз мұсылмандар азаматтық тұрғыдан белсенді адамдар болулары үшін керек.

Серік Рысжанов,

"Адырна" ұлттық порталы

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді

Пікірлер
Редакция таңдауы