Ұстаздың айлығы көтерілгенімен статусы көтерілмейді!

3855
Adyrna.kz Telegram

Кешегі Түркістанда болған оқиғадан кейін, Данияр Мейірханның үстінен қызметтік тексеру бітті ме? Министр Ерлан Тұрғымбаев қызметкеріңіз қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланғаны үшін жазаланды ма? Мен тексерудің қортындысын күтіп отырмын. Тек ғана жұмыстан шығарып қоя салуға болмайды! Әлде айқай шу басылғанша үндемей жата тұр, кейін басқа орынға отырғызамыз деп отырсыздар ма Ерлан мырза?
Атырау облысында генералға халқы ат мінгізген еді, жұмыстан босатып, жетер жеріне жеткен едіңіздер!
Ал ұстазды бүкіл әлеуметтік желіге мазақ қылып, қорлағаны үшін Данияр Мейірханды жәй осылай қалдыра саласыздар ма?!
Мен бұндай шешімге келіспеймін!
Қ.Р Президенті Қ. Тоқаев !
Түркістан қаласында жергілікті полиция басшысы болып қызмет атқарған Д.Мейірханды,
жұмыстан статьямен босатып, ұстазды қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланып, қорлағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғауыңызды сұраймын! Жәй ғана жазалап қоймай, бүкіл БАҚ құралдары арқылы оны жариялап, ұстазды қорлаған генералдың баласы болсада, жазаланатынын жастарға көрсетуіміз керек! Сол кезде ғана ұстаздар статусы көтеріліп, мәртебелері өседі!

Айгүл Орынбек

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер