Қазақтың келiнi

2784
Adyrna.kz Telegram

Жазда Астана қаласында тұратын жақын туысымыздың қызы Арқалық қаласына тұрмысқа шығып, 7 адам құдалыққа бардық. Құдалықта 2 күн болдық. Бiрнеше үй қонаққа шақырды. Жалпы, Торғай өңiрi өте қонақжай халық деп еститiнбiз. Құдамыздың үйiнде Эльмира Ерденбаева деген келiнi бар екен. Ол өзiн аспазшы, асаба, әншi ретiнде көрсете бiлдi. Тiптi, қазақтың мақал-мәтелдерiн кейбiреулер секiлдi жөн-жосықсыз емес, орны-орнымен пайдалана бiледi екен. Қолаң шашты, табиғаттың берген сұлулығы бiздердi таңғалдырғанын несiн жасырайық. Құдаларымыз келiндерiн өз қыздарындай көрiп, “көз тимесе екен” деп отырады.

“Қонаққа бiрiншi қабағыңды бер, сосын тамағыңды бер” дейдi ғой атам қазақ. Бiз құдалықтан өте риза болып қайттық. Қайтарда бар әңгiмемiз Эльмира келiн болды, әсiресе, ақ самаурынмен берген балдай шайы есiмiзден кетпедi.


Ғұсман БАЙМАҚОВ,

Астана қаласы.

Пікірлер