Сəукеленің қасиеті

785

Мың жылдар бойы формасын өзгертпей, бастапқы мәнін жоймай келе жатқан бір ерекше баскиіміміз бар. Ол "Сәукеле". Еуропа қыздары басына ақ фатасын киюді армандаса, біздің қазақ қызы үшін сәукеле кию үлкен бақыт болған.


Осы күні тойларда ресторанға миллиондап ақша шашып, жасанды дауыспен айтылатын әнге миллиондап шығындалатын, хит тамаданы жалдап тыраштанатын байшыкештер осы сәукеленің керемет нұсқасын жан жүрегі қызына жасап беруге ақылы жетпейді, ә.

Шашқаны шашылып кете береді. Ал сәукелесі әлі мыңжылдықтарға қалып, ұлт мұрасы болар еді ғой. Мына фотодағылар жәй сәукеле емес, ең дәулетті кісілердің қыздарының жасауы. Сәукелесі 500 жылқы тұратын қалыңдықтар өткен қазақта. Қыздың лайық құрметі сол шығар. Бұл баскиім бүкіләлемдік бейматериял құндылығымыз болуға баяғыдан лайық дүние.. Қазақ даласынан еуропаға барып, шошақ баскиімнің мода болған кезеңдері де өткен.


Өз қызына сәукеле жасап кигізген санаулы кісілерді білем. Олар негізінен зергер кісілер.

 

(Алмас Серікұлының фейсбук парақшасынан алынды)

Пікірлер