Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғады

3195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/12/20-1.jpg
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 18 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы бір жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.    
Комментарии