Болашақ инженерлер де қазақтың салт-дәстүрлерінен хабардар болу керек

233

 

Мәдениеттанушы Бердалы Оспан «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырған кездесуде осылай деді. Көлік және коммуникациялар колледжінде өткен кездесуде жастарға қазақтың ұлттық құндылықтары туралы дәріс оқыған ғалым ел тарихындағы жөн-жосықтар туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

«Салт-дәстүрлеріміз халқымыздың осы күнге жетуіне үлкен рухани көмек берді. Еліміздің тарихының қай кезеңін алсақ та қиыншылықсыз, жаугершіліксіз болмаған. Қазақ есі білгелі туған жерге деген сүйіспеншілікпен тәрбиеленеді. Бұл қазақтың бұлжымас салты, заңы. Алысқа бармай-ақ өткен ғасырдың орта шенінде орын алған Ұлы Отан соғысын алайық. Бұл сұрапыл соғыста қазақтардың майдан даласында да, тылдағы еңбек саласындағы көрсеткен ерліктері мыңдаған жылдарға жетерік батырлар жырына айналатыны сөзсіз» деген Б. Оспан, айтқан сөздеріне нақты мысалдар келтіре отырып әңгімесін жалғастырды.

«Бірнеше рет жараланып ота жасалса да ұшақтан түспей жауларды бомабалаған Хиуаз Доспан, жау астанасы Берлиннің үстімен ең төмен ұшқан қайсар қазақ ұшқыш Талғат Бигелді, жау ордасы Рейхстагқа жеңіс туын тікке батыр Рақымжан Қошқарбай... Осы және басқа да ерліктердің бәрі қазақтың Отанды сүю салының жемісі десек арты айтқандық емес», дейді ол.

Ал қазақтың осында баға жетпес салттары қаншама десеңізші? «Бәсіре беру», «Жасау беру», «Қол сипатар», «Ерулік беру» тағы басқа да салтарымыз хақымыздың небір аласапыран заманнан аман шығуына септігін тигізгені рас.

Отанымыз Қазақстанның өзалдына шаңырағын көтеріп отырған отыз жылға жуық уақыт аралығында ұлттық салт-дәстүріміздің алатын орны ерекше.

Қазақстан ең бай ел деуге болады. Біз ұлттық ең басты рухани құндылықтарымыз салт-дәстүрлерімізбен бай ұлтпыз. Қазақ ұлтының ең үлкен байлығы Отанды сүю, ата-ананы қадірлеу, үлкенді құрметтеу.

Қазақ халқын той-томалақсыз, үлкендердің батасынсыз, балалардың тұсауын кесуінсіз, жақын адамдарына деген сыйлық ұсынуынсыз, көзге елестету мүмкін емес. Себебі қазақ салт-дәстүрлері ұлтымыздың мызғымас діңгегі.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде студенттер ғалымға көкейдегі сұрақтарын жаудырды. Еліміздегі салт-дәстүрлерге жасалып жатқан шабуылдар бәрін алаңдататыны белгілі болды.

Айта кетейік, аталған іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Дәстүр мен дін» жобасы аясында өткізілді.

 

Пікірлер