“Танымал тұлғалардан ақыл-кеңес #3 (Шабыттануға дайын болыңыз..)

572

Егер байлығыңды жоғалтсаң, ештеңе жоғалта қоймағаның. Егер ар-ұятыңды жоғалтсаң, атақ-даңқ арқылы қайтарып алуына да болады. Ал өзіңе деген сеніміңді жоғалтсаң, бәрін жоғалттым деп ойлай бер.

Гёте

Мүмкіндік аспаннан салбырап түсе қалмайды. Мүмкіндікті өзіңе-өзің тудырасың.

Одри Хепберн

Егер адамдар сіздің армандарыңызға күлмесе, онда армандарыңыздың тым ұсақ болғаны.

 Азим Премжи

 

Кедергі деген—сіз мақсатыңыздан көзіңізді ала бергенде көретін дүние ғана.

Генри Форд

 

Жетістік әдетте қолы босамайтын адамдарға ғана қонады.

Генри Девид Торо

 

Өз мақсаттарыңды жүзеге асырмасаң, өзге біреудің мақсатына жұмыс жасайтын боласың.

Фарра Грей

 

Жетістік-бақыттың кілті емес. Бақыт-жетістіктің кілті.

Герман Каин

 

Жаның сүйетін мамандықты таңдасаң ешқашан жұмыс істемейсің.

Конфуций

Өзің сүйетінді алуға тырысу керек. Әйтпесе алғаныңды сүюге тура келеді.

Бернард Шоу

Көп қателескен адам - ең бақытты адам болады.

Генри Форд

 

 

(Видео "Qajet" арнасынан алынды)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер