«Шахристан» кешені Тараздың туризмін дамытады (Фоторепортаж)

6050
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/12/0-8.jpg
Екі мың жылдық тарихы бар шаһарды дамытып, туристік қалаға айналдыру үшін ескі базарды сүріп, оның орнына «Шахристан» тарихи-мәдени кешенді орталығы салынып жатыр. Орталықта 60 шеберханадан тұратын қолөнершілер қалашығымен қатар 7 ғимарат бой көтеруде. Облыс әкімшілігі 335 мың туристі тартып, қаланың әлеуметтік жағдайын көтергелі отыр   «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінен өлкетану мұражайы мен «Руханият» орталығы салынып жатыр.          Тарихи-мәдени кешенде қолөнер шеберлері мен көркемсурет галереясы ашылады.         Сондай-ақ «Шахристан» кешенінде көрме павильоны мен амфитеатр салынып жатыр.     «Шахристан» кешені Тараздың тарихи қала екенін сипаттайтын бірден бір орталық болмақ. Тарихи-мәдени кешен пайдалануға берілгеннен кейін Тараз қаласының туризмі дами түспек.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Комментарии