Туған жерге қызмет еткен жас маман

330

Елімізде білікті дәрігер мамандар жетіспейді. Әсіресе ауыл-аймақ тұрғындары ақ халатты маманға зәру. Биылғы жылы бірнеше мың түлек жоғары медицина университеттерінде білім гранттарын иеленді. Біліктілігін арттырған медицина қызметкерлері ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілуде. Ауылдағы маман тапшылығына жол бермес үшін бүгіннен бастап жұмыс істеуіміз керек.

Оңтүстік өңірінде дәрігерлер тапшылығы сезілмесе де, сұраныс басым. Десе де, диплом алған жастардың барлығының бірдей ауылға барғысы келмейді. Барғанының өзінде сол ауылда тұрақтап қалуы екі талай. Бірақ оған қарамай қызмет ететін мамандар да жетерлік. Соның бірі дәрігер - Мөлдір Даниярова. Ол Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетін бітірген. Және 2016 жылдың 24 тамызынан бері Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі, Ақбура дәрігерлік емханасында дәрігер болып жұмыс істейді. Ол қазіргі таңда тәжірибелі медицина қызметкері. Кезінде тәуекелге бел буып, ауылда қызмет етіп жүрген Мөлдір қазір ауыл тұрғындарының алғысына бөленуде. Білікті мамандар кез-келген жерге керек, әсіресе шалғай елдімекендерге. Дәрігерлік жол өте ауыр. Сол өмірдің қиыншылығына төзіп еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарымыздың еңбегін әрдайым лайықты бағалауымыз қажет.

(Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен

"Туған жер" жобасының аясында жазылды)

Пікірлер