Діни ағымдарға қарсы ролик жарық көрді

171

Президент Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технологиялар дамыған дәуірде Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт -дәстүрін сақтауға тиіс екенін үнемі айтып келеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне де ерекше назар аударады. Оған дәлел, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы өкілдерімен өткен жиында:

– Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ және табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бәріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тәсілі болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр, –деген болатын.

Соған орай «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ-ның мемлекеттік гранты негізінде «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» жобасының аясында діни ағымдарға қарсы видеороликтер дайындады.

Айжан Шамшитқызы

Пікірлер