Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба

753

 

29 қараша күні “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі (@adyrna.kz) "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" (@cisc_official ) КЕАҚ-ның қолдауымен "Дəстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы аясында Алматы орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесінің 4-кітапханасында (@4biblioteka) "Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба" тақырыбындағы қорытынды дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге филология ғылымдарының докторы, профессор @ Kaken Kamzin, белгілі ақын, этнограф, Жазушылар одағының мүшесі Әбубәкір Қайран, Желтоқсаншы, қоғам белсендісі Гулбахрам Жунис, ауған соғысының ардагері Əмірбек Шиырбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Факия Шамшидинова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Құрманалиева секілді зиялы қауым өкілдері қонақ болды. Дөңгелек үстелге 60-тан астам студент жастар қатысты. Дəстүрлі рухани құндылықтар дəріптелген шарада Кəкен Қамзин "Адырна" бірлестігінің жоба барысында жасаған қызметтерін айтып өтсе, Əбубəкір Қайран студент жастарға ұлттық рух беру мақсатында "Қасқыр" деген тамаша өлеңің оқыды. Ауған соғысының ардагері, Қазақ қыраны медалінің иегері Əмірбек Шиырбаев діни ағымдардың ұлттық құндылықтарға кері əсерін жастарға баяндаса, Қоғам белсендісі, желтоқсаншы Гүлбаһрам Жүніс дəстүрлі рухани құндылықтарымызды сақтауға шақырды. Ал шара модераторы Арман Серікұлы "Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба" тақырыбындағы презентация мен жоба аясында жасалған бейнероликтерді таныстырды. Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында "Тарихтан тағылым: ұлттық идея жəне дін мəселелері" тақырыбындағы республикалық конференция материалдар жинағының тұсаукесері өтті. Ұлы бабалардың аманатына айналған дəстүрлі рухани құндылықтарды ұлықталған шара көптің көңілінен шықты.

Пікірлер
Редакция таңдауы