Қазақстанда діни жат ағымдар ашық насихатталуда!

5546

ҚР Бас прокуратурасының назарына!

Суфизм/шиизмның орталығы болған Иран мен сәләфизмнің отаны Сауд Арабиясының әлемдегі діни қақтығысы мен бәсекелесуі (тарих бойынша да солай) ешуақытта тоқтамайтыны белгілі...Сол екі діни-саяси идеологияның конфронтациялық тартысы Орта Азия мен Қазақстанда да жүріп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы осы суннизм/сәләфизм мен шиизм/суфизм сияқты діни бағыттардың өзара саяси -діни қақтығысы туралы "Шырмауық" атты сараптамалық кітабымды қалың оқырманға ұсынған еді. Қазақ елі мен әлемнің озық дамыған мемлекеттерінде халықаралық террористік топ болып саналатын "Хезболлах" немесе "КСИР" сияқты әскери ұйымдар және теократиялық ислам революциясының үстемдігін , одан қалса антисемитизмді қолдап, қоздырып отырған Иран бұқаралық ақпарат құралдары мен сайттары Қазақстан аумағында реакциондық идеяларын жарнамалауға ашық түрде кірісті.
Осы орайда ҚР Бас прокуратурасынан Қазақстан Республикасы зайырлы- құқықтық-демократиялық мемлекет екенін ескере отырып тез арада Иран Ислам Республикасының саяси-теократиялық ұстанымдары мен мемлекеттік насихатына (БАҚ-тар арқылы пропаганда)
Қазақстан Республикасының аумағында тиым салуларыңызды өтінемін!

https://parstoday.com/kk/news/middle_east-i41166

https://parstoday.com/kk/news/kazakhstan-i41193

https://parstoday.com/kk/news/kazakhstan-i41131

https://parstoday.com/kk/news/iran-i40347

https://parstoday.com/kk/news/iran-i37222

 Құсайынов Тұрарбек,

"Демос" ҚБ төрағасы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket