Данияр Қасқарауов: "ММА Қазақстанда қатты дамуда"

391

Қазір ережесіз жекпе-жек шеберлерінің дәурені жүріп тұр деуге болады. Бұрын балалар Месси мен Роналдуға еліктесе, қазіргі жеткіншектердің "кумирлері" Хабиб пен МакГрегор.  Ел ішінде де Арман Оспанов, Қуат Хамитов, Арман Ашимов сынды тірескеннің тізесін дірілдетер жігіттер жайлы аңызға бергісіз әңгімелер жетерлік.  Осы спорт түрінің елімізде даму деңгейі қандай? Қазақтың күрзі жұдырық жігіттері қандай турнирлерде бақ сынамақ? Осы сауалға жауап іздеп "Алаш Прайд" клубының басшысы Данияр Қасқарауовпен сұхбаттасып қайттық.

-Жақында Алатау бөктерінде дүбірлі турнир өтпекші деген әңгімені құлағымыз шалып қалды...

-  29 қараша күні "Алматы-Аренада" "Ахматтың" абсолюттік чемпионаты өтеді.102-ші турнирі. Бұл әлемдегі әлемдегі ең үздік бес лиганың қатарына кіреді. Қазір әлемде ММА дамып жатыр. Қазақстанның өзінде осындай бірнеше тұжырымдық жарыстарды ұйымдастыратын промоушендар көбейіп жатыр. Ал, "Ахматтың" үлкендігі соншалық, жылына өте үлкен деңгейде 20-25 турнирлер өткізеді. Спортшылардың алатын гонорары да өте қомақты. Турнирге жауапты мамандар Америкадан, Еуропадан келеді. UFC-дағы Херб Дин, Большой Джон Маккарти сынды танымал төрешілер, кваликациясы өте жоғары мамандар болады. "Алматы - Аренада" 16 кездесу болады. Ең негізгі жекпе-жек саны 5. Екеуі титульды, 9-ы рейтингілік төбелестер болады. Сегіз кездесуде қазақстандық спортшылар төбелеседі.

-Қазақстаннан танымал спортшылардан кім бар?

Ең бір қызықты кездесу Ермек Тлауов пен 300-дей жекпе-жекке шыққан башқұрт Венер Галиев арасында өтеді. Ермек грек-рим күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионы. "Алаш Прайд" клубында жүргеніне 8-9 жылдай болды. Оның шықпаған жарысы жоқ. Грозныйда көп төбелесті. Кавказдың осы "Ахмат" клубының  бес спортшысымен кездесіп, бесеуін де ұтқан. Бұл да бір өте жауапты кездесу.Екеуі де жас емес. Ермектің жасы 37-де. Венердің жасы қазір 44-ке келді. Сосын, Евгений Егембердиев деген спортшы бар. Тараз қаласынан. Ол бокстан жастар арасында әлем чемпионы болған. "Ахмат" клубымен контрактысы бар. Ауыр салмақта, 93 келіде төбелеседі.  Шахмарал Жетпісов пен Нұрсұлтан Қасымханов деген жақсы спортшыларымыз бар. Екеуінің де қарсыластары Бразилиядан келе жатыр.

-Әлемдік турнирлердің қатарына жатқызуға бола ма?

-Негізі, спортшылардың деңгейі кей жерде UFC-дан кем түспейді. Бірақ, UFC-дің ақылы транслияциялары өте жақсы өтеді. Олар 500-ден астам турнир өткізді ғой. 26 жылдық тарихы бар өте үлкен ұйым. Ал, бұл промоушенға 5 жыл енді болады. Америка мен Ресейдің кәсіпқой спортын салыстыру қиын. Біздің "Алаш Прайдқа" 9 жыл болды.  "Ахмат" пен "Алаш Прайд" бірігіп, осы жобаны өткізіп жатырмыз. Бұл Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан екінші турнир. Алдындағы турнирде "Алматы-Аренаға" 13 мың халық жинадық.

-Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген жігіттердің көбі осы "Алаш Прайдтан" шықты ғой деймін қателеспесем..

-Арман Оспанов, Арман Ашимов танымал спортшылардың біразы бізде дайындалған.

-   Көршілерімізбен салыстырғанда ММА-дың Қазақстанда даму деңгейі қалай?

-ТМД көлемінде Қазақстан алдыңғы орында деп айтуға болады. Федерация ашылды.  Көптеген клубтар ашылуда. Нәтижелер жақсы.

-ММА-да да басты қарсыластарымыз бокс пен футболдағыдай өзбектер ме?

-ММА-да басты қарсыластарымыз дағыстандықтар. Кавказ елдері. "Ахмат" клубы жақсы дамып жатыр. "Беркут", "Крепость", Хабибтің командасы, "Дагестан файтерс" деген мықты кдубтары бар. Ол жақта енді күрес пен жекпе-жек бірінші орында тұр ғой.

-Қазақстанның қай өңірінде ММА жақсы дамыған?

-Қазақстанда ММА қатты дамып жатыр. Біздің бастағанымызға 10 жылдай болды. Осы он жылда 80-нен астам жарыстар ұйымдастырылды. Бокс пен күрес бізде жақсы дамығандықтан жастар да ММА-ға көптеп тартылуда. Барлық қалаларда залдар ашылып, кішігірім жарыстар ұйымдастырылуда. Батыс өңірі, Атырау, Ақтау, Ақтөбеде қатты дамыған.Алматы енді үлкен қала ғой. Барлық өңірлерде жақсы дамып жатыр.

-"Алаш Прайд" осы он жылға жуық уақытта қанша спортшы дайындап шығарды?

-Оны өзім де айта алмаймын. Тәжікстанның өзіне алып қарайтын болсақ, ПФЛ деген промоушен бар Америкада. Бір жылдың ішінде 16 боец 1 миллион долларға төбелеседі. Соның финалына шыққан тәжік спортшысы ең алғашқы төбелестерін бізде өткізген. "Ягуар" деп ат қойғанбыз. Муин Гафуров деген спортшы 18 жасында ең бірінші рет бізде төбелескен. Қазір UFC-ға контракты алып отыр. Хабибтың қасындағы Зубайра Тоқтоғулов та бізде төбелескен. Александр Емельяненко да болды. Айта берсе көп. Қазіргі "Ахмат", "Fight Nights" сынды промоушеннің чемпиондарының 70-80 пайызы осы "Алаш Прайдта" төбелескен,  қатысқан. Жапондықтар болды. Бізде төбелескен филиппиндік спортшы  UFC-де 100 мың доллар бонус ұтты.

-Әлемдік аренада қорықпай ұрыс салатын қазақ жігіттерінен кімдерді атай аласыз?

-Қазіргі уақытта елордамыздан Шавқат Рахмонов деген спортшы контракты алды. Жеңіліссіз келе жатыр. Жалғас Жұмағұлов жақсы өнер көрсетіп жүр. Асылжан Бақытжанұлы жақсы шығып келеді. Жігіттер көп.

Әңгімеңізге рақмет!

Оңғар Қабден, 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Турнирдегі жекпе-жектер тізімі

77 кг: Альберт Туменов 🇷🇺- Беслан Ушуков 🇷🇺
84 кг: Саламу Абдурахманов 🇷🇺- Валерий Мясников🇷🇺
70 кг: Ермеk Тлауов 🇰🇿- Венер Галиев🇷🇺
93 кг: Евгений Егембердиев 🇰🇿- Даниэль Толедо 🇪🇸
84 кг: Арби Агуев 🇦🇹- Рафал Харатик 🇵🇱
77 кг: Черси Дудаев 🇷🇺- Александр Чернов 🇷🇺
+93 кг: Шахмарал Жетпісов 🇰🇿 - Роджерс Соуза 🇧🇷
70 кг: Муса Хаманаев 🇷🇺- Жоробек Тешебоев 🇰🇬
93 кг: Кори Хендрикс 🇺🇸 - Люк Барнатт 🇬🇧
70 кг: Адлан Батаев 🇷🇺 - Луис Ногейра 🇧🇷
66: Аугусто Мендес 🇧🇷 - Нұрсұлтан Қасымханов 🇰🇿
93 кг: Иса Умаров 🇷🇺 – Карлос Эдуардо 🇧🇷
61 кг: Хусейн Шайхаев 🇷🇺 - Ержан Естанов 🇰🇿
77 кг: Алтынбек Мамашев 🇰🇬 - Гойти Дазаев 🇰🇿
66 кг: Иван Жвирбля 🇧🇾 - Фаниль Рафиков 🇰🇿
61 кг: Алтынбек Жұманұлы 🇰🇿 - Канат Келидибеков 🇰🇬

 

Пікірлер