Алматыда «Туған жер» байқауының жеңімпаздары марапатталады

502

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Туған жер» жобасы аясында 30-тамыз бен 15-қазан аралығында республикалық «Туған жер» шығармашылық байқауын өткізген еді. Алты номинациядан тұратын байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. 2019 жылдың 25-қарашасы күні сағат 12.00-де Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрында өтетін марапаттау рәсіміне баршаңызды шақырамыз! Аталған шарада байқау жеңімпаздары марапатталып әрі өз өнерлерін ортаға салады. Арнайы шақырылған өнерпаздар өнер көрсетіп, әннен шашу шашпақ. Туған жердің дамуына үлес қосқан жастарды қолдауға сіз де келіңіз!
КІРУ ТЕГІН.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер