Алматыда "Азат рухтың алдаспаны" атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді

270

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (@cisc_official) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі (@adyrna.kz) "Азат рухтың алдаспандары" атты музыкалық концертін өткізбекші.
Ән кешінде негізінде ұлт азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалады.
Концерт барысында "Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны" мақалалар байқауының жеңімпаздары марапатталады. Сазсырнайдың сазын, күңіренген қобыздың, домбыраның дүбірлі үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырғыңыз келсе 20 қараша күні, сағат 15:00-де, Ғылым ордасының үлкен залына келіңіздер!
КІРУ ТЕГІН.

Алдаспандарымызды ұлықтайық, ағайын!
Қосымша ақпарат: 8 747 933 - 91 - 09

Пікірлер