Тараздықтар «Бақытты отбасы» арқылы баспаналы болмақ

545

Бүгінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету өте өткір мәселе болып отыр. Өйткені «Өз үйім – өлең төсегім» деген түсініктегі азамат үшін баспаналы болудың маңызы зор.

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевтың айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 319 адамның төлем қабілеті расталды. Қазіргі таңға дейін Тараз қаласы бойынша аталмыш бағдарлама аясында 941 жолдама берілді. Оның ішінде 351 адамның құжаттары банкке қабылданған. Бұл туралы

«Бүгінде 319 адамның төлем қабілеті расталды, 32 адамның құжаттары қаралуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы отбасыларғы жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер қала аумағынан сатып алыну үстінде және Тараз қаласы, «Қарасу» шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 180 пәтерлі төрт жатақхана соғылып, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға заң аясында үлестіріледі», –деді Қайрат Досаев.

Жалпы, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Онда 10 пайыз бастапқы жарна, 2 пайыз жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 19 жылға қарастырылған. Бағдарлама шарттарына сәйкес, мемлекеттік қордан пәтер алу кезеі тізіміне «Толық емес отбасы», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттары бойынша тіркелген азаматтар қатыса алады.

Жалпы Жамбыл облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мысалы

биыл аталған санаттағы азаматтарға арналған 12 жатақхана пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, 12 жатақханада 612 азамат қоныс тойын тойлайды.

«Облыс әкімінің бастамасымен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларының кезегі келгенше баспанамен қамту мақсатында 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 478 пәтерлі 9 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 3 жатақхана 2020 жылы тапсырылатын болады», – деді Еркебұлан Дауылбаев.

Сондай-ақ, ол жалпы бюджет есебінен биыл 2 195 адамды баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер