Павлодар қаласында дәріс ұйымдастырылды

291

Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның ( CISC ) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша Павлодар қаласында дәріс ұйымдастырды.

Қазақ халқының бай ежелгі мәдениеті жөніндегі дәріс С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жүзеге асты. Іс-шарада университеттің профессоры Серік Елікбай алғашқы болып сөз сөйлеп, студенттерді қонақтармен қысқаша таныстырды.


Дәріскерлер ретінде дінтанушы, Мәшhүр-Жүсіптің немересі, атаулы университеттің Мәшhүр-Жүсіп орталығының директоры, Мәшhүр-Жүсіп қорының президенті Ертай Қуандықұлы және осы жолдардың авторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір жастарды өз елін сүюге, Отан қорғауға, ата-аналарын құрметтеуге шақырып, ғылым-білімге құштарлықты арттыру, еңбекқорлыққа баулу, ұлттық құндылықтарды әспеттеу бағытында құнды әңгімелер айтты.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер