Туған өлке  - Жамбылым жыр бесігім!

842

 

 

Мыңжылдық шежіресін шерткен өңір,

Тарихы мен танылған әрбір жерің.

Әр ауданы әдемі тау-тасымен

Мақтан етер біртуар бар ерлерің.

 

Ұлы Жамбыл, облысым атын алған,

Он аудан мекенінен құралған.

Әр ауданның дархан  жері, елі бай

Тауында тайбурылдың тасы қалған.

 

Құлан, Бөкей таулы жер табиғаты,

Ақ қайың, шыршасы мен бар аршасы.

Сарқырай Көксай, Ақсай өзендері

Жуалы – жасыл мекен жер жанаты.

 

Жоңғарлармен арыстандай айқасқан,

Рысбек батыр азат үшін шайқасқан

Бауыржандай жауынгерін әлем білер

Ерлігімен аты аңызға айналған.

 

Тілі өткір Шерхан сынды қайраткерін,

Ел ұмытпас жанашыр қаламгерін.

Айтып өту мүмкін емес көру қажет

Әулие шақпақ сынды ірі жерлерін.

 

Екі мыңжылдық астам тарихы бар,

Үңгірдегі көне жазу дәлел болар,

Айша бибі, Тектұрмас кесенелер

Жамбыл аудан сәулетін толықтырар.

 

Меркінің шипалы мың бұлағы,

Спатай батырменен шыққан аты.

Асанбай еңбегінің бір ұшқыны

«Жұмақ пен тозақ» атты жыр жинағы

 

Кеңес ата есімі таныс елге

Қазақ-Қырғыз ақыны талай жерге

Халқымыздың бай дәстүрін жеткізген,

Өлеңменен жырменен бұл дәуірге.

 

Қордай батыр ерлігімен із қалдырған,

Аудан болып Қордай аты сақталған.

Наурызбай мен Өтеген батырлары

Тәуелсіздік жолында шахһит болған.

 

Таласым би батырлар мекені екен,

Алғашқы адамдар да мекендеген.

Суы да, ауасы да жанға шипа

Танымал тамды әулие жерлерімен.

 

Ақтабан шұбырынды заманында,

Қасқая қарсы тұрған дауылдарда.

Көшек Саңырақ батыр бабалары

Есте қалған ерлігі мен ел аузында.

 

Кеңестің батырлары шыққан мекен,

Елу тоғыз Еңбек Ерін тапқан өлкем,

Мырзатай ағамыздай ерлері бар,

Еліне жан аямай терін төккен.

 

Туған өлке – Жамбылым жыр бесігім,

Өзің жайлы көптеген жыр естідім.

Мерей тойың құтты болсын асқақ өлкем,

Ыстық маған Жамбыл атты есімің.

 

Ақсұңқар Төреханқызы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы