Бірлік – береке бастауы

194

8 қараша  2019  ж.   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы және Алматы қаласындағы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Бірлік –береке бастауы» атты мәдени-іс шара болып өтті. Кештің  мақсаты:  Қазақстандағы ел бірлігі идеясын  насихаттау болып табылады. Бұл кешке Қазақ филологиясы  және әлем тілдері факультетінің  деканы, ф.ғ.д., профессор  Ж.К.Қиынова,  Қазақстан күрділерінің «Барбанг» ассоциациясы  президенті, Халықаралық Жоғарғы Мектеп Академиясының академигі,  ф.ғ.д., профессор  К.И.Мирзоев,  «Адырна»  ұлттық-этнографиялық бірлестігінің   өкілі Бердалы  Оспан, шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD А.М. Жалалова, кафедраның оқытушылары және Қазақ филологиясы  және әлем тілдері факультетінің  студенттері мен  магистранттары қатысты.

Алдымен шараны шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD А.М. Жалалова мәдени-іс шараны  ашып беріп,  келген қонақтармен танстырды және мұндай іс-шараның білім алушыларға берер тағлымы зор екенін түсіндіріп, сөз тізгінін «Адырна»  ұлттық-этнографиялық бірлестігінің белгілі журналисті, мәдениеттанушы Бердалы Оспанға берді. Бердалы Оспан өз кезегінде  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің еліміздегі жоғары оқу орындарының ішіндегі  тек  қыздарды  біліммен сусындатып  отырған бірегей оқу орны екеніндігін атап өтті.

 

Ұлттық тәрбиеде қазақ қыздарының рөлі ерекше екенін айта отырып, ұлттық сананы жетілдіруде білімнің алатын орны ұшан теңіз екенін атап өтті. Содан соң, сөз тігіні  Қазақстан күрділерінің «Барбанг» ассоциациясы» президенті, Халықаралық  Жоғарғы Мектеп Академиясының академигі,  ф.ғ.д., профессор  К.И.Мирзоевке берілді. К.И.Мирзоев өз өмір жолымен таныстыра отырып, бірнеше жылдан бері  қазақ жерінде тату-тәтті тұрып жатқанын мақтанышпен  айтып, Қазақстандағы ел бірлігі идеясын  насихаттай отырып, ұлтаралық қатынастың дұрыс  жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, соның ішінде  бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте керек деп көрсетті.

Қазақ филологиясы  және әлем тілдері факультетінің  деканы, ф.ғ.д., профессор  Ж.К.Қиынова да жастарға  осы мәдени іс-шараның елдің бірлігін, тұтастығын сақтауда маңызды  және  жастардың танымдығын арттыратын  іс-шара екендігіне   тоқталып өтті.

Мәдени іс-шара  соңында студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, кеш қонақтарымен өз ойларын бөлісті.

  Садықова Р.К.

 

Пікірлер