Солтүстік Қазақстанда өзге ұлт өкілдері қазақша өлең оқыды

222

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ( CISC ) "Туған жер" гранттық жобасы бойынша Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Туған жерім - Қазақстаным" атты байқауын еліміздің солтүстік өңірлерінде өткізіп жатқан жайы бар. Қызылжар қаласындағы Достық үйінде "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Қазақстан халқы ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесі бірлесе отырып жоғарыда аталған байқауды жоғары деңгейде жүзеге асырды.

 


Байқауға орыс, поляк, украин, неміс, түрік, армян және тағы басқа ұлт өкілдері қатысты. 13 жас қатысушы байқауда бақ сынап, үздік шығуға барын салып патриоттық шығармаларды оқыды.

 


Онда Абайдың, Мағжан Жұмабайдың, Сәкен Сейфуллиннің, Қасым Аманжолдың, Фариза Оңғарсынның және тағы басқа қазақтың көрнекті ақындарының өлеңдері оқылды. Тіпті сахналық қойылыммен өлең оқыған жастар да кездесті. Арнайы видео-ролик жасап, фонға музыка қамдап, қазақ батырының, ханшайымның киімін киіп ерекше дайындалған екен. Оған қоса, үлкен зал кісілерге лық толып отырды, олар қатысушыларға барынша қошамет көрсетіп, белсенділік танытып, шабыттандыра түсті.

Солтүстік Қазақстандағы аймақтық ұйымдастырушыларымыз Мария Петрқызы мен Динара Балғабайқызына, өңірлік БАҚ өкілдеріне мың да бір алғыс айтамыз!

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер