Ұлт әліпбиіне ұлттық сипат керек

648

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, ұлтымыз үшін маңызды қадамдардың бірі болды. Сондай-ақ, мемлекетіміздің темірқазығы – ұлттық кодымызды сақтап қалумен қатар санамызды қайта жаңғыртуға жол ашты.
​ ​ ​ ​ ​ ​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында: «Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр.», – деген болатын. Осылайша, толғағы жетпеген мәселенің мәйегін жарып, шешу жолдарын қарастыруға үлкен мүмкіндік туып отыр. Ел тарихындағы маңызды бетбұрыс саналатын жаңа сипаттағы жазуды қалыптастыру жайлы сан қилы пікірлер мен ұсыныстардың зерделеніп жатқанын білеміз. Осындай тағдыршешті кезеңде ұлт әліпбиінің ұлттық сипатын сақтап қалу аса маңызды деген пікірдемін.

Латынша  Кирилше Латынша Кирилше
1 А а а 16 M m м
2 Ā ā ә 17 Ŋ ŋ ң
3 P p п 18 N n н
4 B b б, в 19 O o о
5 T t т 20 Ō ō ө
6 D d д 21 W w(жартылай дауысты- дауыссыз)  у
7 J j ж 22 U u ұ
8 Z z з 23 Ū ū ү
9 Ş ş ш, ч 24 R r р
10 S s с 25 F f ф
11 Q q қ 26 H h  х, һ
12 K k к 27 E e е
13 Ḡ ḡ ғ 28 Y y (жартылай дауысты- дауыссыз)  и, й
14 G g г 29 I ı ы
15 L l л 30 İ i  і

Erjan Jumabek

Qazaq degen – qudaydıŋ qara ōleŋi

(Aḡılşınḡa qazaqtı tanıstıruw)
Qazaq degen bir el bar bilesiŋ be?
Haqtan jetken qalsın bir jır esiŋde!
Senbeysiŋ be, bilmeymin senesiŋ be,
Jılaysıŋ ba, bilmeymin kūlesiŋ be?..

Kūletiniŋ – senbeysiŋ ḡajabına,
Jılaytınıŋ – senesiŋ azabına.
Jetūw ūşin jūrektiŋ jumaḡına,
Şıdap bergen jūykeniŋ tozaḡına!..

Oylanbay-aq eli ūşin otqa kirgen,
Babalarım Kūn zaŋın jatqa bilgen.
Qara jayaw jūrgende basqaları,
Altın sawıt kiyinip atqa mingen!

Barsakelmes oralḡan sapardan jūz,
Eki ōmirdi teŋ kōrgen qatardanbız...
Tāwelsizdik qazaqtıŋ altın tāji,
Māŋgiliktiŋ jolında at-arbamız.

Dalamızda şalqıydı ar āweni,
Balamızda armannıŋ Qarageri.
Kōkiregi ūndesken tabıyḡatpen,
Qazaq degen – qudaydıŋ qara ōleŋi!

PhD докторы Қуаныш Жұмабек

Пікірлер