Өзге ұлт өкілдері арасында поэзиялық байқау ұйымдастырылды

145

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ( CISC) гранттық жобасы аясында Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп өзге ұлт өкілдері арасында "Туған жерім - Қазақстаным" атты поэзиялық байқау ұйымдастырды.

14-29 жас аралығындағы жас өзге ұлт өкілдері қазақ ақындарының ел мен жер, Отан тақырыбындағы патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқып өзара бәсекеге түсті.

 


Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.


Байқауға 20-ға жуық өзге ұлт өкілдері қатысты. Олардың басым бөлігі орыстар болса, өзгелері армиян, әзірбайжан, молдаван, кәріс және тағы басқа ұлт өкілдері өнер көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер