Қостанай қаласында дәріс ұйымдастырылды

145
Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша Қостанай қаласында дәріс ұйымдастырды.
Қазақ халқының бай ежелгі мәдениеті жөніндегі дәріс А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жүзеге асты. Іс-шарада университеттің жанындағы Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымының кандидаты Табулдинов Әлібек Нұрмағамбетұлы алғашқы болып сөз сөйлеп, студенттерді атаулы жобамен қысқаша таныстырды.
Дәріскерлер ретінде дінтанушы, Қостанай ІІД әскери академиясының оқытушысы, тарих бойынша магистр Данияр Әбенов және осы жолдардың авторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір жастарды өз елін сүюге, Отан қорғауға, ата-аналарын құрметтеуге шақырып, ғылым-білімге құштарлықты арттыру, еңбекқорлыққа баулу, ұлттық құндылықтарды әспеттеу бағытында құнды әңгімелер айтты.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.
Іс-шарамыздың өтуіне қолдау көрсеткен университеттің жанындағы Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымының кандидаты Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлы мен сол оқу орынның Жастар ісі жөніндегі комитеттің меңгерушісі Әлиев Орынбай Тахирұлына шексіз алғыс білдіреміз! 
"Адырна" ұлттық порталы
 
Пікірлер