Ерлі-зайыптылар үшін...

332

- Бәріміздің де қыз дәуреніміз келешекке дайындықсыз өтті. Күйеуге тию, отбасын құру, үйге және күйеуге қалай ие болу сияқты ең негізгі мәселелерге алдын ала әзірленбедік. Басқа түскен соң барып тыпырладық.

- Әйелді еркек үшін, еркекті әйел үшін жаратқан табиғат. Бірінсіз бірі тамақ жей алады, киім кие алады, бәрін істей алады. Алайда екеуінің бірін-біріне бере алатын нәрсесін жер бетіндегі басқа ешнәрсе де бере алмайды.

- Тән, жан және ақыл құмарлығы - осы үшеуі біріккенде маxаббат болады. Ал, тән құмарлығы болмай, жан мен ақыл біріксе, оны достық және сыйластық дейміз. Достық бірнеше адамдардың да арасында бола береді, ал маxаббат бір ғана адамға бағытталады.

- Қазақ әйелінің бір басты қасиеті - ағайын-туыс, құда-жегжат арасын жарастыру.
Сыйласу да, араздасу да әрқашан нақты себептерден туындайды. Біреудің жамандауына бола әлдекімді сыртынан жек көру - мәдениетті адам үшін үлкен кемшілік. Себепсіз мадақтау да сол сияқты.

- Маxаббаттың өткені тәтті болған сайын бүгінгісі берік.

- Адамның жеке басының бақыты - әркімнің өз ісі.

- Өзгені іздеу, өзгеге сүйеу болу, өзгеден сүйеу табу - ақылдының үлесі.

- Сыйлау, бағалау деген сезімдер,жеке өзін алып қарағанда күйеуге тиюге аздық етеді екен. Сүймей де үйлене беретіндер болады, сол сияқты сүймесе үйлене алмайтындар да болады екен.

- Табынып тыңдайтын кісі табылса, әңгіме айтқан да ләззат қой.

- Тіпті бір адамның өзі бала күнінде әдемі дегенінен қартайғанда жерінуі мүмкін. Адамның, оның ішінде әйелдің әдемілігін тану да тәрбиеленетін, өзгеретін нәрсе.

- Еркектің тағдырында маxаббат ең негізгі нәрсе емес, ал әйел үшін өмір мен маxаббат - бір-ақ нәрсе" дейді Байрон әйгілі "Дон Жуан" дастанында. Мен Байронның бұл сөзін өзімше түсінем: демек, маxаббаттың қадіріне еркектен гөрі әйел жетік. Мұнан да анығырақ айтсам, маxаббаттың тұтқасы да, ұйытқысы да - әйел.

- Егер сен тұйық болмасаң, мен көп қателікке ұшырамас едім.

- Әйел мен еркектің махаббат ерекшелігі мынада: әйел күні бойы үзіліссіз сүйе береді, ал еркек - тек үзіп-үзіп.

«Ерлі-зайыптылар» кітабынан

Пікірлер