Альварес - Ковалев жекпе-жегін қайдан көруге болады?

1398

 

Жылдың басты бокс кешінің бірі саналатын орта салмақтағы WBC (Franchise) және WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикандық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек 3 қараша күні таңертең өтеді.

Бұл кездесуді таңғы 6:25-тен бастап Qazsport телеарнасы және Qazaqstan каналы 7:00-ден тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, бұл кеште отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8 KO) мексикалық Кристиан Оливаспен (16-5, 13 KO) WBC (USNBC) белбеуін сарапқа салады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер