Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

3091

Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі-ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада шарықтамағанда, біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Ұлтық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланбағанда, оюлы көйлектеріміз бен тақияларымыз киіліп, көше бойын қазақтың бұлбұл әндерімен аралап, сайрамағанда шетел жұрты ою былай тұрсын, қазақ деген ұлт барын білмес те ме еді? Сол себепті, осы еліміздің көк туын көкке желбіретіп, асқақтатып жүрген ұлт қоргандарын ұллтық құндылыққа кіргізу менің міндетім болып тұр.
Ұлт қорғаны ол-отаншылдықпен жаны құмар азаматтар. « Отан-отбасыдан басталады» демекші, отаншылдықты бала кезінен бойға сіңіру аса маңызды істердің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі. Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Ол көп еңбек пен үлгілікті қажет ететін, көпшіліктің қоғам болып, жұмылып, парасаттылық пен байсалдылықты қажет ететін оңай емес іс.
Сонымен қатар бала тәрбиесіне еліміздің салт-дәстүрлері де орасан зор әсерін тигізеді. Салт- дәстүр –әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт- дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлык, өнеге тәжірбиесін құраған. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиеліқ мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы. Мысалы ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай . Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
Бала шыр етіп дүниеге келген кезден бастап-ақ оны тәрбиелі азамат болсын деген мақсатпен оның есіміне үлкен мән береді. Жаңа туған сәбиге ат қою- ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ұл балаларға батыр жаужүрек, жүрек жұткан азамат болсын деген ниетпен көбінесе батырлардың аттарын кояды. Мысалы: Бауыржан, Наурызбай, Бейбарыс, Қабанбай.
Қыз балаларға келетін болсақ оларды «болашақ ана» «шаңырақтың басты тұтқасы» деп құрметпен қарау- ата дәстүрінің көрнекті тұсы. Халқымыздың әйелді құрмет тұтатын әдет-ғұрпы толып жатыр. Қазақ қыздарына ең асыл, ең қымбат заттардың атын қояды, мәселен: Гауһар, Маржан, Ақтоты, Раушан, Алмагүл т.б.. Мұнда әйел адамды сұлулықтың, әсемдіктің, көркемдіктің, нәзіктіктің бейнесі ретінде аялағандықтың, қастерлегендіктің белгісі жатыр. Осының бәрі әйел затына зор құрмет, көрнекті ой, ыстық сезімді білдіреді.
Кішкентай нәрестелерге арнап жасалатын салттардын бірі-Бесік жыры. Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-куйің көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең” деуі тегін емес. Келесі дәстүр: Қырқынан шығару. Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір, сандары қасиетті деп есептеледі.Мысалы: “Жеті жарғы”, “Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр” деген қағидалар осы сандық ұғымнан пайда болған. Соның бірі-баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдандырады. Бұр ресми-дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйеледер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға тігіп қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Тұсаукесер жайлы айтатын болсақ, сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аягын кәдімгідей тұсап оны аягын жылдам басатын немесе беделді әйелдерге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.
Және де баланың болашағына ең үлкен әсер тигізетін ырымның бірі ауызға түкіру. Аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу ежелгі дәстүрлі ырымдардын бірі. Бұл сенім ырымы болғандықтан ел ішінде әлі де жасалады және жиі айтылады. Оның орындалуы, ишара түрінде ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздын ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан.
Осы салт-дәстүрлеріміздің негізінде сәби өсіп, жетіліп, боз бала шағынан бастап балаларды отан суйгіштікке, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.
Келесі құндылықтарымыздың бірі ол-мәдени ескерткіштеріміз, ескерткіштерді негізінде белгілі бір тұлғаларға, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына немесе кинофильм кейіпкерлеріне қойылған ерекше ескерткіштер жайлы айтпақпын. Өзімнің кіндік қаным тамған жерім Солтүстік Қазақстан облысының көне дәуірден жеткен тарихи Ботай мәдениеті еcкерткішінен бастайын деп отырмын.
Иман-Бұрлық өзенің бойындағы бұл ескерткіштер энеолит дәуіріне жатады. Ботай мәдениеті- энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедицияся профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген.Айыртау ауданында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, энеолит дәуіріне жататын Ботай конысы, темір ғасырының археологиялық ескерткіші –“Ақ Ирий” қалашығы Сырымбет ауылы, атақты «Абылай хан резиденциясы» музей кешені, Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылында орналасқан Қожаберген жырау кесенесі сынды орындардың өзі бір төбе.
«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені. Бұл нысан 1765 жылы Абылай ханның өз бастамасымен салынған. Тарихи деректерге сүйенсек, ағаштан салынған бұл үйде әр-түрлі дау-жанжалдар шешіліп отырған. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы салынған ең алғашқы құрылыс. Өкінішке қарай, бұл ғимарат өртеніп кеткен. Орнына тастан қайта үй салынған екен. 1821 жылы Орта жүздің ханы Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары жағында екі қабатты тас үй салынды. Бұл үй Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. 2008 жылы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені деген статусқа ие болды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.
Келесі құндылықтарға кіргізетінім Қазақстанның туризм саласы. Туризм саласы қазақ жерінің мәдениеті мен көз тартар табигатын шетелдіктерге көрсетіп-ақ қоймай еліміздің экономикамыздың ілгері өркендеуіне үлкен септігін кіргізеді. Бүгінгі Қазақстан – көптеген шетелдіктерге танымал, сұранысқа ие және белсенді дамып келе жатқан туризмдік бағыт.
Қазір Қазақстандағы мәдени-тарихи, сауықтыру және экстремалды туризм қарқынды дамып жатыр. Сондай-ақ, еліміздегі табиғатты, тарихи және көрікті жерлерді тамашалауға, демалыстан ләззат алуға әлемнің түкпір-түкпірінен және Қазақстанның өңірлерінен туристер көптеп келеді. Қазақстан туризмі – ел аумағындағы шексіз далалар, жартасты таулар, әсем табиғат, өзендер мен көлдер, тарихи сәулет ескерткіштері, заманауи ғимараттар және өркениетті мегаполистермен бағаланады.
Қазақстандағы танымал туризм орындары:
1. Арыстан баб – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы көне кесене, сәулет өнерінің тамаша жетістігі. Бұл кесене Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, "бабтардың бабы" – Арыстан бабтың бейітінің басына ұлы қолбасшы Әмір темір XIV ғасырдың соңында салдырған. Бұл кесене зиярат етіп келушілердің саны шексіз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ғимаратқа жолдан өткен жанның барлығы бір тоқтап кетеді.
2.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – ғимарат осы күнге дейін керемет сақталған. Кесенені бірнеше ғасыр бұрын Қожа Ахмет Яссауидің жерленген жеріне Әмір Темір қолбасшы тұрғызған. Сондай-ақ, Түркістан қаласын «Екінші Мекке» деп та атайды.
3. Шарын шатқалы – АҚШ-тағы Үлкен шатқалға бәсекелес болатын Қазақстанның әдемі жері. Мұнда мистикалық қызықты орындар, кәрі ағаштар мен бас айналдыратын көріністерге куә бола аласыз. Сондай-ақ, «Қамалдар алқабы», «Ведьмино шатқалы» деп аталатын бөліктері бар.

4. Қатон-Қарағай – туристер бір күн бойы тамашалай алатын және ұзақ демалысқа келуге болатын ерекше орын. Ол жер Ресеймен, Моңғолиямен және Қытаймен шекарада орналасқан табиғи саябақ немесе қорық болып есептеледі. Сондай-ақ, мұнда Рахман қайнарлары деп аталаты ыстық су көздері бар.

5. Қайыңды көлі – бұл көлдің су өте салқын, бірақ ол шомылуды қалап тұрғандарға кедергі емес. Күнгей Алаутауда орналасқан көл осыдан жүз жыл бұрын жер сілкінісі кезінде пайда болған.
6. Меркі – Жамбыл облысының шет жағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен шипалы жерлерге толы орын. Мұнда туристер демалуға ғана емес, аурудан құтылу және зиярат ету үшін барады.
7. Бекет Ата жер асты мешіттері – Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Әулие, батыр, сәулетші Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, көріпкелдік қасиеттерімен даңқы кең тараған. Мешіт – жартасты тау астындағы жер асты кешені, мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін жері болып тұр. Бұл мешітке күн сайын 1000 адам келеді екен.
8. Бурабай – Қазақстанның Швейцариясы атанған жер таза ауасы, көптеген шипажайлары, көл жағасындағы демалысы және спорттық ойын-сауықтарымен мақтана алады. Бір ерекшелігі – Бурабайға демалушылар қыста да, жазда да ағылып келіп жатады.
9. Түрген сарқырамасы – туристер көп баратын Алматы облысындағы демалыс орындарының бірі. Іле Алатауы ұлттық саябағының ішінде орналасқан Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Солардың ішінде саяхатшылардың жиі баратыны: біріншісі – «Аюлы» және екіншісі – «Қайрақ».
10. Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы, ол Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Алматы қаласына жолы түскен адамның демалатын жерлері өте көп: Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Көктөбе, «Медеу» мұз айдыны, 28 панфиловшылар паркі, Тәуелсіздік монументі, «Маралсай», «Алма-тау» шипажайлары және т.б.Қазақстандағы саяхаттауға немесе демалуға болатын керемет нысандар тек бұлар ғана емес. Қазақстан осы әсем де көркем жерлермен туристердің журегің баурап алады.
Және де бұл әсем жерлерді ешқашан ұмытпастай ететіндей сезім қалдырады.
Сонымен, біздің ен басты құндылығымыз ол қазақ елінің белгісі, нышыны оюлармыз, біз оны қастерлеп, қадірлеп ерекше құрмет тұтуымыз қажет. Ал осы оюларымызды қадір тұтатын, еліміздің жастарын дұрыс тәрбиеге салатын салт-дәстүрлеріміздің қосатын үлесі көп. Бізді бүгінгі күнге жеткізген, шайқаста қасық қаны тамғанша күрескен ата-бабаларымыздан қалған тарихты бізге білу ол міндет. Ал Қазақстаннын туризм саласының өркендеуі, еліміздің экономикасы үшін аса маңызды.
Сайып келгенде, ХХІ ғасыр – жастардың ғасыры демекші, сол жастар да елдің құндылықтары үшін еңбек етуі керек. Рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болу үшін құндылықтарымызды мәңгілік сақтап, өзімізден кейінгі ұрпақтарға мәңгілікке табыс етуіміз керек. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы.

 Дильназ АХМЕДЬЯРОВА

Пікірлер